ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
2025 жылы сәуір айының 24-25-і күндері XVII республикалық пәндік олимпиада өтеді. Жарыс бағдарламасы мынадай:
Өткізілетін орны: |
«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ, Алматы қ., Абай даңғылы, 8 (7 оқу ғимараты, Су ресурстарын басқару ғылыми орталығы) |
Уақыты: |
24-25 сәуір 2025 жыл |
Қатысушылар: |
Қазақстан Республикасының ЖОО студенттері |
Қолданыс тілі: |
Қазақ, орыс |
24 сәуір 2025 жыл, бейсенбі |
|
9.00-9.30 |
Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу (7 оқу ғимараты, фойесі, Су ресурстарын басқару ғылыми орталығы) |
9.30-10.00 |
XVII Республикалық пәндік олимпиаданың ашылуы (7 оқу ғимараты, фойесі, Су ресурстарын басқару ғылыми орталығы) Басқарма төрағасы – Ректор, ҚР ҰҒА Президенті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевтың құттықтау сөзі |
10.30-16.30 |
Білім беру бағдарламалары бойынша олимпиада жұмысы (факультеттер базасында) ЖОО-ң командалық таныстыруы, әр қатысушыға – 10 балл. Бірінші кезең – бір дұрыс жауаппен, ашық тестілеу (мемлекеттік, орыс тілдерінде). Тест тапсырмаларының саны – 30. Тест тапсырмасын орындау уақыты – 50 минут. Тест нәтижелері 0-ден 30-ға дейінгі балдармен анықталады. Екінші кезең – жазбаша тапсырма (мемлекеттік, орыс тілдерінде). Олимпиаданың екінші кезеңінде қатысушы қазылар алқасынан 2 теориялық сұрақтан және 2 практикалық (ситуациялық, зертханалық) тапсырмадан тұратын 4 тапсырманы алады. Дайындыққа берілетін уақыт – кемінде 1,5 (бір жарым) сағаттан аспайды. Жауаптарды, қазылар алқасының мүшелері 0-ден 60-қа дейін баллмен бағалайды, онда теориялық сұрақтардың әрбіреуі 10 балдық шкала бойынша бағаланады, ал әрбір практикалық (ситуациялық, зертханалық) тапсырмалардың шешімі 20 балдық шкала бойынша бағаланады (аудиторияларды ҚазҰАЗУ жауапты кафедралары дайындайды). Екі кезеңнің қорытындысының ең жоғары баллдары 100 баллды құрайды. |
25 сәуір 2025 жыл, жұма |
|
10.00-10.50 |
Олимпиада қатысушыларын университеттің ғылыми орталықтарымен таныстыру |
11.00-13.00 |
Қазылар алқасының қорытынды шешімін жариялау. XVII Республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздарын салтанатты түрде марапатталуы (7 оқу ғимараты, фойесі, Су ресурстарын басқару ғылыми орталығы). Олимпиаданың жабылуы. |
Пәндік олимпиаданы ұйымдастыру комитеті:
Абай даңғылы 8, Бас ғимарат, 46 каб., ұ.т. 87051962100 (Азамат); 87089945581 (Қымбат).
Оргкомитет предметной олимпиады:
пр. Абая 8, Главный корпус, 46 каб., с.т. ұ.т. 87051962100 (Азамат); 87089945581 (Қымбат).