KazNARU — Қазақстанның Ұлттық аграрлық зерттеу университеті

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің кәсіби бағдар беру мақсатында құрылған арнайы топтарының жыл басынан бері өткізіп келе жатқан жұмыстары қазіргі уақытта белсенді студенттерді жұмылдыра отырып, Алматы қаласы мен жақын маңдағы мектептерде жүйелі жалғасуда.

✅ Атап айтқанда, «Агробиология» факультетінің “Топырақтану, агрохимия және экология” кафедрасының аға оқытушылары Нұрымжан Аубакиров, Ләззат Жайлыбаева, “Агрономия, селекция және биотехнология” кафедрасының оқытушылары Дәурен Казкеев Табылтайұлы, Ая Ешенгалиева Медеу ауданы ұйымдастырған кәсіби бағдар беру жұмысына белсене қатысты.

✅ "Ветеринария және зооинженерия" факультетінің «Биологиялық қауіпсіздік кафедрасының профессор-оқытушылары» Омарбекова У.Ж., Отарбаев Б.К., Батанова Ж.М., Турганбаева Г.Е., Базарбаев Р.К., Мұхаметқалиев А.Қ. Түркісіб ауданның №31, №20, №106 жалпы білім беру мектептерінде;

«Клиникалық пәндер» кафедрасының профессоры Сарсенбек Сиябеков, қауымдастырылған профессорлары Жамбыл Қазиев, Қанат Орынханов, Маржан Баймұрзаева Наурызбай ауданындағы №200 орта мектеп-гимназиясында;

«Фармакология және жануарлар патологиясы» кафедрасының қаумдастырылған профессоры Нурзиля Көбдікова, аға оқытушы Құдайберген Азизов Алмалы ауданның №36 гимназиясында;

«Биологиялық қауіпсіздік «кафедрасының аға оқытушысы Абай Алиев Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылындағы №13 орта мектепте болып қайтты.

✅“Инженерлік технологиялар» факультетінің «Тағам өнімімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ақылжан Қожабергенов және өндірістік оқыту шебері Руябза Дадашова Алматы облысы Қарасай ауданындағы “С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжінде” білім алушылармен кездесу өткізіп, колледж басшылығымен нтымақтастық туралы Меморандум жасасты.

«Аграрлық техника және машина жасау» кафедрасының профессор-оқытушылары – қауымдастырылған профессорлар Абдильдин Н.К. және Ниязбаев А.К., аға оқытушы Дюсенбиева А.Х., ассистент Жолдасова А.У. – Алматы қаласы Әуезов ауданының №175 гимназиясында;

«Аграрлық техника және машина жасау» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы: қауым. профессор Абдильдин Н.К., қауым. профессор Ниязбаев А.К., аға оқытушы Дюсенбиева А.Х., ассистент Жолдасова А.У. Әуезов ауданының №175 гимназиясында мектеп бітіруші түлектермен кездесті.

✅ Топ мүшелері екі тілдегі буклеттер мен қосымша ақпараттық парақшалар таратып, арнайы видеоролик көрсетіп, жастарды қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

✅ «Мақсатымыз – еліміздегі көшбасшы оқу ордасы KazNARU жүргізіп жатқан білім беру бағдарламаларын және заманауи зерттеу университетіне айналудағы басты жетістіктермен, ондағы факультеттердің ерекшелігімен мектеп бітірушілерді таныстыру. Сонымен бірге мазмұнды ақпараттар бере отырып, олардың болашақта аграрлық мамандықтарға деген қызығушылығын оятып, кәсіби бағыт таңдауына көмектесу», - дейді Қабылдау комиссиясының директоры, профессор Айнұр Қайырбаева.

✅ Кездесу барысында ІТ инженер, су ресурстары цифрлық басқару, дрондармен жұмыс, ақылды ауыл шаруашылығы, ветеринария, фармакология, тағам өнімімдерінің технологиясы сияқты мамандықтарға қызығушылық танытқан талапкерлер арасында университетке тапсыруға ниет білдіргендер аз емес.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник