KazNARU — Қазақстанның Ұлттық аграрлық зерттеу университеті

KazNARU БАЗАСЫНДА ҚЫТАЙДЫҢ ШЫҢЖАҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІМЕН БІРЛЕСКЕН АҚЫЛДЫ СУАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЗЕРТХАНАСЫН ҚҰРУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

✅ 2025 жылдың 22 сәуірінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне ҚХР Шыңжаң ауыл шаруашылық университетінің делегациясы ресми сапармен келіп, Қытай-Қазақстан агротехнология саласындағы ынтымақтастықты, аграрлық білім беру мен ғылыми зерттеулерді дамыту туралы ой-ұсыныстарымен бөлісті.

✅ Делегация құрамында: Чжан Тайхун – профессор, Компьютерлік және ақпараттық инженерия колледжінің деканы, ауыл шаруашылығын цифрландыру саласындағы ірі маман; Ли Юнке – доцент, аА\уыл шаруашылық процестерін автоматтандыру бойынша эксперт; Ван Лэй – доцент, Нақты егін жүйелері бойынша белгілі маман; Чжоу Сюэлинь – Ақылды ауыл шаруашылық институтының өкілі және Ержан Халим – PhD, су ресурстарын басқару саласындағы танымал эксперт.

✅ KazNARU Басқарма төрағасы-Ректордың бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Пірімқұл Ибрагимов осы уақытқа дейін Қытайдың 40-қа жуық ғылыми ұйымдарымен және университеттерімен тығыз ынтымақтастық орнатылғанын және бірқатар ғылыми-зертету орталықтары ашылғанын атап өтіп, осы кездесудің де нәтижелерінен үміт күтетінін білдірді.

✅ «KazNARU мен Шыңжаң ауыл шаруашылық университетімен болған бастамалар бәсекеге қабілетті мамандарды бірлесе даярлауға, ғылыми зерттеулер жүргізуге, мүмкіндік беретіні анық. Сондай-ақ жаңа технологиялар трансфертін жүзеге асыру екі елдің ауыл шаруашылығындағы тұрақты даму саласында жаңа перспективалар ашады. Бірлескен әзірлемелер аймақтағы су ресурстарын пайдалану тиімділігін де айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді деп сенеміз», - деді Пірімқұл Шолпанқұлұлы.

✅ Сонымен қатар, ол бірыңғай білім беру кеңістігін құру және ғылыми зерттеу жұмыстарын бірлесе жүргізу аясындағы алда тұрған бірнеше мақсатты атап өтті.

• Су үнемдейтін технологиялар саласындағы тәжірибе алмасу;

• Оқытушылар мен студенттердің академиялық алмасуын дамыту;

• Суды үнемдейтін инновациялық суару жүйелерін енгізу жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру;

• Екі ЖОО арасындағы технологиялар трансферінің дамуына жағдай жасау.

✅ Өз кезегінде Компьютерлік және ақпараттық инженерия колледжінің деканы, профессор Чжан Тайхун өзінде өсімдік шаруашылығы, су ресурстарын басқару, агрономия, ветеринария, инженерия, азық-түлік қауіпсіздігінің технологиясы және басқа агросаласының мамандарын дайындайтын оқу ордасының мүмкіндіктері туралы хабарлама жасады.

✅ Тараптар бірлескен зертханалық орталық құру, академиялық алмасу бағдарламаларын ұйымдастыру, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу жөнінде келісім жасасты. Болашақта ақылды суару жүйесін құру мақсатында күн энергиясымен жұмыс істейтін автоматтандырылған клапандар жасау; суару және тыңайтқыштарды дәл басқаруды үйрену; алыс аймақтардағы ауыл шаруашылық жерлері үшін цифрлы тұрақты байланыс жүйелерін дамыту.

✅ Күтілетін нәтижелер:

✔ 100 му (6,7 га) демонстрациялық алаң құру;

✔ Бидай өнімділігін 2 есеге арттыру;

✔ Интернетке шектеулі қол жеткізуі бар аймақтар үшін инновациялық шешімдер әзірлеу;

✔ Цифрлы технологиялар трансфертін жүзеге асыратын жоғары білікті мамандар дайындау.

✅ Сондай-ақ, 2025-2026 жылдары Бірлескен ақылды суару жүйелері зертханасын құру, Университеттің тәжірибелік егістіктерін бірлесе пайдалану; ғылыми-зерттеу орталықтарының инновациялық жаңалықтарын өндірісте қолдану мәселелреі де кеңнен талқыланды

✅ Қытай делегациясының басшысы өздерін жылы қабылдап, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің озық технологияларымен, білім беру бағдарламаларымен танысуға мүмкіндік жасағаны үшін алғыстарын білдірді.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник