Халықаралық кеңсе: мәдени, ғылыми және білім беру байланыстарын нығайту
Халықаралық кеңсе Университеттің басқа құрылымдық бөлімшелері және факультеттерімен бірлесе отырып студенттердің мәдени, ғылыми және білім беру кеңістігіне интеграциялануына ықпал етіп, олардың белсенді және жемісті қызметін ұйымдастыруда шешуші рөл атқарады. Кеңсенің негізгі мақсаты қазақстандық және халықаралық студенттердің өзара байланыста болуларын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың академиялық тәжірибесін байытатын, танымдарын кеңейтетін және кәсіби, жеке дамуына ықпал ететін, сондай-ақ тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруға үлес қосатын әртүрлі жобаларға тарту болып табылады.
Халықаралық кеңсе жұмысының маңызды бағыттарының бірі - "Жасыл кампус" және "Жасыл кеңсе"сияқты экологиялық бастамалар мен жобаларды насихаттау. Бұл бағдарламалар университеттің экологиялық әсерін азайтуға, студенттер мен қызметкерлердің экология бойынша түсінігін арттыруға және кампуста тұрақты орта құруға бағытталған. Осы жобалар аясында студенттер ресурстарды үнемдеу, қайта өңдеу жүйелерін енгізу және университеттің экожүйесін жақсарту стратегияларын әзірлеуге қатысады.
Сонымен қатар, халықаралық кеңсе студенттердің әлеуметтік жауапкершілігі мен белсенділігін ынталандыратын алғашқы еріктілер жобаларын қолдауда. Волонтерлік бастамаларға қатысушылар пластикалық қалдықтарды жинаумен айналысып, қала мен кампус аумағын көгалдандыруға қатысады. Бұл жобалар қоршаған ортаны жақсартуға ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар студенттерде қоғамдастық сезімін қалыптастырады және оң өзгерістерге ұмтылуға жол бастайды.
Халықаралық кеңсе қазақстандық және шетелдік студенттерге бір-бірінің дәстүрлерін жақсы түсінуге және үйлесімді мәдениетаралық орта құруға көмектесетін мәдени іс-шараларды ұйымдастыруды әдетке айналдырған. Осы іс-шаралар аясында білім мен тәжірибе алмасуға ықпал ететін фестивальдар, тақырыптық кештер, экскурсиялар мен шеберлік сыныптары өткізіледі. Бұл бастамалар ұлтаралық достық қарым-қатынасты қалыптастырушы және халықаралық ынтымақтастықты нығайтушы алаң ретінде қызмет етеді.
Ғылыми және білім беру қызметі халықаралық кеңсе жұмысының тағы бір маңызды бағыты болып табылады. Студенттер ғылыми конференцияларға, воркшоптарға және семинарларға белсенді қатысу арқылы зерттеу дағдыларын дамытады, білімнің әртүрлі салаларында сарапшылармен және көшбасшылармен өзара әрекеттесуге мүмкіндік алады. Бірлескен білім беру жобалары студенттердің мүмкіндіктерін кеңейтуге және оларды жаһандық кәсіби ортаның сыни пікірлерді қабылдауды үйртеді.
Осылайша, халықаралық кеңсе студенттердің, Оқытушылардың және университет серіктестерінің динамикалық және әртүрлі академиялық атмосфераны құру үшін күш-жігерін біріктіретін маңызды буынға айналды. Кеңсе жұмысы студенттердің жан-жақты дамуына, халықаралық байланыстарды нығайтуға және экологиялық тұрақты болашақ құруға ықпал етеді. Бұл бастамалар әрбір студентке жаһандық білім берудің және мәдени экожүйенің бір бөлігі болуға, сондай-ақ жастарды тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға тартуға көмектеседі.