«ВЕТЕРИНАРЛЫҚ АКУШЕРЛІК ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ» ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
br/>
1 ВЕТЕРИНАРЛЫҚ АКУШЕРЛІК
1.1 Акушерлік физиология
1.1.1 Малдың көбеюінің физиологиялық негіздері
Аналық малдың жыныстық аппаратының атқаратын түпкілікті қызметі, оның орындалуына қажетті жағдай. Ұрғашы малдың жыныстық аппаратының анатомиясы.
Жыныстық және физиологиялық жетілуі. Жыныстық цикл, оның сатылары. Жыныстық циклдің феномендері. Толық және толық емес жыныстық циклдер. Әр түлік малда жыныстық циклдің өту ерекшеліктері. Ұрғашы малдың жыныстық қызметіне экологиялық және климаттық жағдайлардың, азықтандырудың, күтіп-бағудың, пайдаланудың және аталық малдың тигізетін әсері. Жыныстық циклдің нейрогумаралды реттелуі. Жыныстық гормондар және оларды тәжірибеде қолдану. Жыныстық жүйенің сүт безімен өз ара байланысы.
Еркек малдың жыныстық аппаратының атқаратын түпкілікті қызметі. Еркек малдың жыныстық аппаратының анатомиясы. Еннің, ен қосалқысының және қосалқы жыныс бездерінің маңызы. Жыныстық рефлекстердің ішкі және сыртқы факторларға, жүйке жүйесі түрлеріне тәуелділігі. Еркек малдың жыныстық қызметінің нейрогуморалды реттелуі.
Шәует, оның құрамы, биохимиясы және түліктік ерекшеліктері. Спермийдің құрылысы және олардың қасиеттері. Спермийлер анабиозы және оның сатылары. Спермийлердің өміршеңдігіне ішкі және сыртқы ортаның әсері.
Күйіттеуші малды дайындау және пайдалану. Оталанған және оталанбаған күйіттеуші малдар. Коитусқа қабілетті және қабілетсіз күйіттеуші малдар. Күйіттеуші малдардың ветеринариялық-санитарлық сипаттамасы.
Табиғи ұрықтандыру физиологиясы. Жыныстық қатынас туралы ілім. Әр түлік малда жыныстық қатынастың өту ерекшеліктері. Малдың жыныстық рефлекстері. Табиғи ұрықтандыру түрлері және әдістері.
1.1.2 Ұрықтандырудың және буаздықтың физиологиясы
Жыныстық торшалардың ұрғашы малдың жыныстық аппаратындағы өміршеңдігі. Аналық және аталық жыныстық торшалардың жылжуын қамтамасыз ететін факторлар.
Ұрықтану үрдісінің өтетін орны мен мәні. Ұрықтану үрдісінің сатылары. Тұқымның жатырға теліну түрлері. Төлдің даму барысындағы қатерлі кезеңдер.
Эмбрионның, төлдің және төл қабықтарының дамуы. Шарана сулары, оның құрамы, мөлшері, шығу тегі және биологиялық маңызы.
Плацента және оның қызметі. Плацентаның жіктелуі. Төлдің қан айналу ерекшеліктері.
Әр түлік малының буаздығының ұзақтығы. Іштегі төлдің өсуі мен буаздықтың әртүрлі кезеңінде жатырда орналасуы. Буаз малдың организміндегі анатомиялық-топографиялық және функционалдық өзгерістер.
Буаздықты анықтау және оның маңызы. Буаздықты анықтау әдістері.
1.1.3 Туу және туғаннан кейінгі кезең физиологиясы
Туу акті жөніндегі ілім. Туу алдындағы белгілер. Туу үрдісін қалыптастыратын факторлар. Туудың сатылары. Туу күштері. Әр түлік малдың төлдеу ерекшеліктері. Туу кезіндегі төл мен туу жолдарының өзара анатомиялық-топографиялық қатынасы. Жамбас - төл жылжып өтетін жол, төл туу объекті. Төлдеу барысына, туу процесіне малдың жатып-тұруының әсері. Тууға дайындау ережелері және оны жүргізу.
Туғаннан кейінгі кезең, оның әр түлік малда өту ерекшеліктері. Лохийлар. Туғаннан кейінгі кезең гигиенасы. Туғаннан кейінгі кезеңнің қалыпты өтуіне әсер ететін факторлар.
1.2 Акушерлік патология
1.2.1 Буаздық патологиялары
Буаздықтың патологияларының таралуы және этиологиясы. Жатырдан тыс болған буаздық. Жатырдан қан ағу. Буаз малдың остеодистрофиясы. Жатыр жарығы. Буаз малдың жатып қалуы. Буаз малдың ісінуі. Мезгілсіз толғақ және күшену. Қынаптың айналып түсуі. Жатырдың бұралуы. Плацента патологиялары. Төл мен төл қабықтарының бөсірі.
Аборттар және олардың жіктелуі, олардың таралуы мен экономикалық зияны. Буаздық патологияларын емдеу және алдын алудың негізгі қағидалары.
1.2.2 Туу патологиялары
Аурудың таралуы және экономикалық зияны. Туу патологияларын туындататын себептер. Әлсіз және қарқынды толғақ. Жатыр мойнының тырысуы. Сарпайдың және қынаптың тарлығы. Туу жолдарының құрғауы. Туу кезінде төлдің бұрыс позициясы, ораналасуы, туу жолдарына бұрыс келуі. Шудың түспей қалуы. Туу кезінде кедергі жасайтын кемтарлық пен кемістіктер. Жатырдың, сарпайдың және сарпай аралығының жыртылуы. Жатырдың айналып түсуі. Туу патологияларын емдеу және алдын алудың негізгі қағидалары.
1.2.3 Оперативтік акушерлік
Акушерлік операциялардың мәні және ерекшеліктері. Тууға көмек көрсетудің негізгі қағидалары. Операция алдында акушерлік зерттеу. Акушерлік операцияға дайындық.
Акушерлік құрал-саймандар. Тууға көмектесетін операциялар: Кесарь тілігі, перинеотомия, жатыр мойнын кеңейту, фетотомия және гистеротомия. Гистероэктомия және овариоэктомия. Тууға көмектесетін операцияларды жасауға болатын және болмайтын жағдайлар.
1.2.4 Жаңа туған төл аурулары
Жаңа туған төл аурулардың таралуы, себептері және экономикалық зияны.
Жаңа туған төлдің асфиксиясы. Тоңғақтың түспей қалуы. Урахус фистуласы. Омфолиттер. Аналь тесігінің және тік ішектің болмауы. Жалпы инфантилизм. Кіндіктен қан ағу және басқа да туа біткен кемістіктер мен кемтарлықтар.
Төл ауруларын емдеу және алдын алудың негізгі қағидылары.
1.2.5 Туғаннан кейінгі кезең патологиялары
Туғаннан кейінгі кезеңнің патологияларының таралуы және экономикалық зияны.
Төлдеген малдың өз шуын және төлін жеп қоюы. Туғаннан кейінгі жартылай. Туғаннан кейінгі сепсис, пиемия, септицемия, септикопиемия, сапремия, эклампсия және невроз.
Жатыр субинволюциясы. Туғаннан кейінгі жыныстық органдардың қабынулары.
Туғаннан кейінгі кезең патологияларын емдеу және алдын алудың негізгі қағидалары.
1.2.6 Сүт безінің кемтарлықтары және аурулары
Сүт безінің қабынбай өтетін ауруларының таралуы. Агалактия және гипогалактия. Сүттің бөлінбей қалуы. Сүт безінің рентенциялық күлдіреуігі. Желіннің ісінуі. Сүт ақаулары. Сүт тастары.
Емшек үрпісінің тарылуы және бітіп кетуі. Емшек өзегінің болмауы. Жаңа түзілімдер. Сүт цистернасы қуысының тарылуы. Сүттің тоқтамауы. Желіннің жарақаттары және жаралары.
Желінсаулар. Таралуы және экономикалық зияны. Желінсаудың себептері және жіктелуі. Жіті және созылмалы желінсаулар. Жасырын және кейбір ауруларға тән желінсаулар. Желінсаулардың дамуының ақыры. Желінсауларды анықтаудың және емдеудің негізгі қағидалары. Желінсауларды дауалау шаралары.
2 ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ГИНЕКОЛОГИЯ
2.1 Бедеулік және қысыр қалу туралы ілім
Малдың бедеулігі және қысыр қалу туралы түсінік. Бедеуліктің таралуы және одан келетін экономикалық шығын.
Мал бедеулігінің жіктелуі. (туа біткен, кәріліктен болған, алиментарлық, климаттық, эксплуатациялық, жасанды және симптомдық) олардың алдын алу.
2.2 Гинекологиялық патологиялар
Гинекологиялық диспансерлеу. Гинекологиялық зерттеу әдістемесі.
2.1 Сарпай және қынап патологиялары
Вульвиттер, вестибулиттер және вагиниттер. Вестибулярлық және қынаптық күлдіреуіктер. Бартолиниттер, гартнериттер. Анықтау және емдеу. Көпіршікті бөртпелер. Жұқпалы фолликулярлық вестибулит. Кампилобактериоз. Трихомоноз. Жыныстық органдардың жұқпалы, жұқпайтын және инвазиялық ауруларын дифференциалдық балау.
2.2 Жатыр патологиялары
Жатырдың дисфункциясы (атония, гипотония) анықтау, емдеу және алдын алу. Жіті, созылмалы және жасырын эндометриттер. Миометриттер. Периметриттер. Паратметриттер. Анықтауемдеу және алдын алу қағидалары. Дисфункция және қабынудың асқынулары- пиометра, миксометра, гидрометра, атрофия және жаңа түзілімдер. Анықтау және емдеудің негізгі қағидалары.
Жатыр мойнының аурулары (цервициттер, индурация, бұрыс орналасуы). Балау емдеу және алдын алудың негізгі қағидалары.
2.3 Жатыр түтігінің қызметінің бұзылулары және аурулары
Сальпингиттер. Жатыр түтіктерінің тарылуы және бітеліп қалуы. Балау және емдеудің негізгі қағидалары.
2.2.4 Жұмыртқалықтың қызметінің бұзылулары және аурулары
Жұмыртқалықтың гипоплазиясы. Жұмыртқалықтың дисфункциясы (гипофункция, персистенттік сары дене, фолликулярлық күлдіреуіктер және сары дене күлдіреуіктері). Жұмыртқалықтардың семуі. Емдеудің негізгі қағидалары. Жіті және созылмалы оофариттер. Периоофариттер. Жұмыртқалықтардың склерозы. Емдеудің негізгі қағидалары.