Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы 2023 жылдың қыркүйегінде «Қазақ және орыс тілдері», «Шет тілдері» және «Әлеуметтік пәндер» секілді үш кафедраның бірігуі нәтижесінде құрылды.
Кафедраның миссиясы университеттің «ғылым және ғылымды қажетсінетін өндіріс арқылы бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау» деген миссиясының құрамдас бөлігі.
Кафедраның негізгі міндеті халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заманауи білім беру технологияларын пайдалана отырып, әлеуметтік және тілдік пәндерді оқытудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.
Кафедра қызметі ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға, белсенді өмірлік ұстанымды тәрбиелеуге, халық шаруашылығының болашақ бәсекеге қабілетті мамандарының шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.
Кафедра тарихы. Қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері, жазушы, ғалым М.О. Әуезов Тілдер кафедрасының (1929) негізін қалаған, кафедрада доцент қызметін атқара жүріп, оның құрылуы мен дамуына баға жетпес үлес қосты.
«Әлеуметтік пәндер» кафедрасы ҚазАШИ-дің «Марксизм-ленинизм» (1929) және АЗВИ-дің «Марксистік-лениндік философия және ғылыми коммунизм» (1968) деген университеттің алғашқы кафедраларының бірі негізінде құрылды. Қазақ ауыл шаруашылығы институты мен Алматы зооветеринарлық институтының Қазақ ұлттық аграрлық университеті (1996) болып бірігуі нәтижесінде түрлі құрылымдық өзгерістер орын алды, кафедралардың атаулары өзгерді, бірақ әлеуметтік пәндерді оқытушылар білім алушыларды сапалы гуманитарлық біліммен қамтамасыз ете отырып, өз мақсаттарын тұрақты әрі нәтижелі орындап келеді. Кафедрада ҚР ҰҒА академигі М.К. Қозыбаев, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Т.С. Садықов және басқа да көрнекті қайраткерлер жұмыс істеді.
Қазіргі уақытта кафедрада 22 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 1 ғылым докторы, 9 ғылым кандидаты, 10 магистр.
Кафедра қызметкерлері ғылыми білімнің әртүрлі бағыттарында ғылыми зерттеулермен айналысады, кафедраның мамандану мәселелері бойынша басқа жоғары оқу орындары, ұйымдар мен мекемелер өткізетін конференциялар мен симпозиумдардың жұмысына қатысады, монографиялардың, ғылыми жарияланымдардың, оқулықтардың, ғылыми-әдістемелік құралдардың авторлары.
«Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының меңгерушісі – филология ғылымдарының кандидаты Жонкешов Бауыржан Сейсенбекұлы.
Жонкешов Бауыржан Сейсенбекұлы
Кафедра менгерушiciАбдылдаева Ч.С аға оқытушы.pdf
Актамбердиева З.С оқытушы.pdf
Ахантаева Ф.Ж оқытушы.pdf
Ахантаева Г.Ж оқытушы.pdf
Даутова С.С аға оқытушысы.pdf
Жанысбекова Ш Т оқытушы.pdf
Жонкешов Б.С. қауымд.-проф..pdf
Жумадилова З.Б. қауымдастырылған профессор.pdf
Куппаева Б.Т. қауымдастырылған профессор.pdf
Нурмаханова Ж.М._аға оқытушы.pdf
Оспанова Б.Р. аға оқытушы.pdf
Сарсенбаев-А.Б.-қауым. профессор.pdf
Сембаев-Р.М._аға оқытушысы.pdf
Сембаева-М.М_аға оқытушысы.pdf
Закирова М.Е_Аға оқытушы.pdf
Асылбекова Ж.М._доцент.pdf
Анкета каз. Ломова.doc
Koжаканова М.Т ассоц профессор.pdf
Әбдіжаппар А. оқытушы.pdf
Әбжекенова Б.Ғ. оқытушы.pdf
Байнайманова Ж. оқытушы.pdf
Бакитжан А. оқытушы.pdf
Бекіш Е.Т. аға оқытушы.pdf
Бердышева Г.А. оқытушы..pdf
Галкова Э.А. оқытушы.pdf
Досимқанқызы А оқытушы.pdf
Дуз-Оглы Г.Р оқытушы.pdf
Итегулова С.А_ қауымдастырылған профессор.pdf.pdf
Кожаканова М.Т ассоц профессор.pdf
Конырбай Ж.А. аға оқытушы.docx.pdf
Коянбекова С.Б қауымдастырылған профессор.pdf
Қыдырбай Қ.К.аға оқытушы.pdf
Қызайбай Г.А. оқытушы.pdf
Назарова М.Ш. оқытушы.pdf
Нурбаева Л.Б. аға оқытушы.pdf
Омарбаева Г.С.-аға оқытушы.pdf
Оспанов Е.Б. Оқытушы .pdf
Тойгулиева А.Б. аға оқытушысы. каз pdf.pdf
Шардарбеков А. аға оқытушы.pdf
Шойбекова АЖ._преподаватель_.pdf
Бейкутова А.М. оқытушы.pdf
23 сәуір 2024 жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Жалпы білім беру кафедрасының аға оқытушысы ф.ғ.к Оспанова Баянды Рамазанованың жетекшілігімен 1 курс орыс бөлімінің ветеринария мамандығының студенті Шульга Кристина Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінің А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының қазақ тілі пәнінен ұйымдастырған "Ұлы дала тілі-мәңгілік ел тұғыры" атты Республикалық дәрежедегі университеттер арасындағы зияткерлік-танымдық Олимпиадаға қатыстырып ІІ дәрежелі диплом иеленді.