Тәрбие жұмысының жоспары
Тәрбие жұмысы 2024-2025 жартыжылдық есебі
Тәрбие жұмысы 2023-2024 жылдық есебі
Тәрбие жұмысы 2022-2023 жылдық есебі
Тәрбие жұмысы 2021-2022 жылдық есебі
Тәрбие жұмысы 2020-2021 жылдық есебі
Тәрбие жұмысы 2018-2019 жылдық есебі
.jpeg)


16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚазҰАЗУ-нің «Бизнес және құқық» жоғары мектебінің 1-курс білімгерлері мен жалпы білім беру пәндері кафедрасының ПОҚ Жұмаділова З.Б., Шойбекова А.Ж. ГМУ-24-08К, МН-24-09К, ЭК-24-05К, УА-24-01К, ФН-24-03К топтарымен Әуезов М.О. әдеби-мемориалдық мұражай үйіне барып, оның өмірі мен шығармашылығына арналған бұл көрме залдың негізгі идеясы – мұнда келген әрбір көрерменге мұражай тек қазақ әдебиетінің қасиетті мекені ғана емес, қазақ елінің рухани орны деген ойды меңзейді. Бұл орта туып өскен ортасы, жазушылық жолы, қоғамдық қызметі, шетел сапарлары жөнінде жан-жақты мағлұмат бере алды.


11.12.2024ж. ҚазҰАЗУ-нің Жастар ісі жөніндегі комитеті ұйымдастырған «Жемқорлықсыз әлемге бір қадам басайық» атты факультетаралық байқауда «Әділдік альянсы» командасы өздерінің мазмұнды да әсерлі видеоролигімен ерекше көзге түсті. Нәтижесінде «Бизнес және құқық» жоғары мектебі, «Әділдік альянсы» командасы І – орын алып, арнайы дипломмен марапатталды. Жеңіс құтты болсын!




5.12.2024ж. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылының Мәдениет үйінде Open Day: «KazNARU-да болашақ басталады: Бізбен бірге арманда!» атты іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.



28.11.2024ж. Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент Психологиялық қолдау қызметінің мамандары Бейсембаева Л., Нұржанқызы С., Есбердинова Н. ұйымдастыруымен топ кураторларына арналған «Заманауи жастар және эмоционалды интеллект (EQ): диагностика, дамыту және қолдау» тренигі өтті. Оған Жоғары мектеп кураторлары да қатысты.



28.11.2024ж. «Бизнес және құқық» жоғары мектебінде 1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы дәрігер эпидемиологы Күмісбек П.Н., №22 қалалық аурухананың диагностика және емдеу бөлім меңгерушісі Алтынбек Г.А. қатысуымен «Болашақ – біздің қолымызда: СПИД-ке бірге қарсы тұрайық!» атты дәріс оқылып, жоғары мектеп БББ студенттері қатысып, көптеген мәліметтер алды.

3.12.2024ж. «Іс жүзіндегі әділетті университет» ҚазҰАЗУ-нің Басқарма Төрағасы-Ректор А.Қажығұлұлы білімгерлермен кездесу өткізді. Аудитория студенттеріне толымды жауап беріп, барлық жағдай сіздердің қамдарыңыз үшін деп атап өтті. Кездесу соңы белсенді студенттерді Құрмет граматосымен марапаттады. Құттықтаймыз!


21.11.2024ж. «Бизнес және құқық» жоғары мектебі «Rise Plaza» мейрамханасында студенттер күніне арналған ерекше еркін форматта «Students Party» ұйымдастырылды. Білімгерлер дән ризашылық танытты.



20.11-22.11.24ж. аралығында Атакентте өтіп жатқан «БІЛІМ және МАНСАП» атты «ATAKENT-EXРО» XXIII Халықаралық көрмесінде кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. Көрмені ҚР ҒжЖБМ кеңесшісі Емелбаев Р.Т. ашты. 6В04105-«Мемлекеттік және жергілікті басқару» БББ 4-курс студенті Байдулла Байдаулет университетіміздің тарихы мен жетістіктерін жарнамалап қайтты.


15.11.2024ж. Студенттер күніне орай оқу ордамыздың тарапынан ұйымдастырылған КВН сайысы жоғары деңгейде өтіп, «Бизнес және құқық» жоғары мектеп ИП «Динара» құрама командасы ІІ-орынды иеленді. Оқу ордамыздың ұйымдастырушыларына алғыстымыз!



15.11.2024ж. НАРХОЗ университетінің базасында “CAREERTIME” атты кәсіби бағдар беру бағыты бойынша ФЕСТИВАЛЬ өтті. Фестивальге 30 аса жұмыс берушілер мен 36 ЖОО, 500 ден аса 11 сынып оқушылары қатысты. Кафедрадан кәсіби бағдарға жауапты аға оқытушы Нургожаев А.С. барып қайтты.



15.11.2024ж. ҚазҰАЗУ-де «Студенттік қызық мол жылдар» атты Халықаралық студенттер күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Атаулы күнге арналған мерекелік іс-шара барысында университеттің белсенді білімгерлері марапатталды. Салтанатты кеш концерттік бағдарламамен жалғасты. Күмбірлеген күй төгіліп, гитарамен жастық шақтың әндері айтылып, жүрек тербер сыршыл жырлар оқылды. Оқу ордамыздың ұйымдастырушыларына алғыстымыз!





12.11.2024ж. «Бизнес және құқық» жоғары мектебінің кураторлары э.ғ.к., профессор Баймолдаева М.Т., аға оқытушы Куатпекова А.К. 6В04104-Қаржы, 6В04105-Мемлекеттік және жергілікті басқару», 6В04102-Менеджмент білім беру бағдарламаларының І-курс студенттеріне терең білім алу жолында үздіксіз еңбектеруге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, мәдениеттілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу мақсатында Тәрбие жұмысы жөніндегі Департамент маманы Есбердинова Назерке Серікқызының қатысуымен «Менің мамандығым, менің мақтанышым» атты салтанатты іс-шараны жарыс ретінде ұйымдастырып, үздіктер марапатталды.



13.11.2024ж. «БІРІНШІ КУРС-2024 KazNARU» Спартакиадасы: волейболдан қыздар арасында өткен жарыстың жеңімпаздары анықталды. Университеттің 140 студентінен 9 команда құрамдалды. Тартысты дода 7 қарашада мәресіне жетті. Волейболдан қыздар арасындағы нәтиже мынадай: 5 орын – «Бизнес және құқық жоғары мектебі» командасы. Құттықтаймыз!


30.09 - 12.11.2024 ж. «БІРІНШІ КУРС-2024 KazNARU» спартакиадасы бойынша І-курс білімгерлері арасындағы спорттық дода қызу жүріп, волейболдан ерлер арасындағы жарыстан «Бизнес және құқық» жоғары мектебінің командасы ІІ - орынды иеленді. Құттықтаймыз!

\


8-11.11.2024 ж. KazNARU факультеттері арасында пластик жинаудан «Бизнес және құқық» жоғары мектебі жарыста айқын басымдылықпен қоршаған ортаға қамқорлық танытқан ПОҚ және білімгерлерге алғысымыз шексіз! Жеңіске жетуде ерекше үлес қосқан куратор Куралбаева Р.Е., ГМУ-21-04К білім алушысы Байдулла Байдаулетке үлкен рахмет! Қайырымды іс - қашанда жеңіс! Конкурс нәтижесі: «Green week» ресми ашылуы аясында пластик жинау байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 𝗜 орын - «Бизнес және құқық» жоғары мектебі. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!




5.11.2024ж. «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық акциясы мақсатында жоғары мектебіміздің 1,2,3,4 курс БББ Жалпы университеттік сенбілікке қатысып, өз үлестерін қосты.


1.11.2024ж. 1-курс білімгерлеріне «Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарын түсіндіру» тақырыбында Алматы қаласы құқық қорғау органы өкілдерінің қатысуымен профилактикалық-түсіндірме іс-шарасы Акт залда өтті. Аталмыш іс-шараның маңыздылығын ескеріп, Жоғары мектептің 1-курс БББ студенттерімен қамтамасыз етілді.


30.10.2024ж. «Аллея выпускников» акциясы басталды. 4-курс білімгерлері басшылықтың қолдауымен «У Лукоморья» (Талғарда) бау-бақша аймағынан көшеттер алып, 3 оқу ғимаратының алдына отырғызып, өз үлестерін қосты. Осы іс-шара дәстүрге айналып жылдан-жылға жалғасын тапса, нұр үстіне нұр болар еді.



30.10.2024ж. Түркі халықтарының «Үздік студенті» атты байқауда І-ші дәрежелі дипломмен 6В04105-«Мемлекеттік және жергілікті басқару» БББ 4-курс студенті Байдулла Байдаулет марапатталды! Құттықтаймыз!

24.10.2024ж. ҚазҰАЗУ-нің Акт залында Республика күніне арналған мерекелік жиын өтті. Университетіміздің қызметкерлері, ПОҚ және студенттер қатысты. Осы мақсатта еліміздің білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қосқан және университеттің өркендеуі жолында абыройлы, адал еңбек еткен бірқатар профессор-оқытушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталды.




25.10.2024ж. ҚазҰАЗУ-де Республика күніне орай Мемлекеттік гимн орындалды. Аталмыш іс-шараға университетіміздің әкімшілігі, 1, 3-курс білімгерлері мен ПОҚ қатысты. Құрметті ПОҚ, әріптестер, білімгерлер сіздерді ұлттық мерекемен құттықтаймыз!





24.10.2024ж. Х.Д.Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру» кафедрасының аға оқытушылары Джумабаева А.М., Елтаева Қ.Е. 25 қазан - Республика күніне орай «Республикам - мақтанышым» атты іс-шара ұйымдастырып, 1-2 курс білімгерлері белсенділік танытып концерттік номерлер ұсынды.




23.10.2024 ж. Кураторлық жоспар негізінде аға оқытушы Төленді М.А. «Конституциялық даму және жаңа қоғам құру ісіндегі құқықтық мәдениет» атты 6В04201-«Құқықтану» білім беру бағдарламасының 1-4 курс білімгерлеріне з.ғ.к., философия магистрі, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Дауталиев Қазыбек Нүрсейітұлының қатысуымен тәрбие сағатын ұйымдастырды.

19.10.2024 ж. «Ғылым ордасы» ғимаратында ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен еліміздегі Ғылым академиясының негізін қалаушы, көрнекті ғалым, академик Қ.И.Сәтбаевтың 125 жылдығына орай, «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының арнайы жобасымен шыққан «ҚАНЫШ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МАЙДАН» кітабының таныстырылымы өтті. ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының басқарма президенті Ақылбек Күрішбаев, Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Есенбеков, Сәтбаевтің немересі, профессор Ә.Жармағамбетова, зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ЖОО оқытушылары, студенттер мен БАҚ өкілдері, «Бизнес және құқық» жоғары мектебінен ПОҚ және жас ғалымдар барды.



19.10.2024ж. ҚазҰАЗУ-нің ПОҚ және кафедра білімгерлері қалалық сенбілікке шығып «Таза Қазақстан» акциясы негізінде олар Алматы қаласы, Жаңа Саин көшесінің шығысы, Үлкен Алматы каналы бойындағы «ALA» саябағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, 300 түп ағаш отырғызып қайтты.



17.10.2024ж. ҚазҰАЗУ-нің қызметкерлері, соның ішінде жоғары мектеп ПОҚ, білімгерлері жоспар бойынша жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға қатысты.

16.10.2024ж. ҚазҰАЗУ-нің І-курс студенттері үшін Алматының ең әсем «Бақшасарай» салтанат сарайында «Студенттер қатарына қабылдау» салтанаты ұйымдастырылды. Студенттік өмірге алғаш аяқ басқан бірінші курс білім алушыларына символдық «Білім кілті» мен «Студенттік билет» тапсырылды. Артынша 6 факультет білімгерлері салтанатты түрде ант қабылдады. Алматының орталығындағы ең көрікті, ең әсем салтанат сарайында есте қаларлықтай әсерлі кеш ұйымдастырып, балғын жастарға тамаша мерекелік көңіл-күй сыйлаған университет басшылығына бірінші курс студенттері өздерінің ризалышықтарын білдіріп, жүректен шығарған өлең-жырларын арнады.






30.09-8.10.2024ж. Х.Д.Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру» кафедрасына ЕМВА, МВА білім беру бағдарламаларына дәріс оқуға арнайы шақыртылған АҚШ-тың Небраска университетінің профессоры Zimbroff Andrew David «Стратегиялық менеджмент» және «АӨК кәсіпорындарының бизнесін бағалау» пәндерінен бірегей бизнес-тренинг өткізді. Сіздің бизнесіңізді келесі деңгейге көтеруге көмектесетін негізгі басқару стратегиялары туралы тиімді стратегиялық жоспарлаудың практикалық құралдары мен жаңа тәсілдерін қолдана отырып дәріс оқыды.



6.10.2024ж. Республикалық референдумда «Бизнес және құқық» жоғары мектебінің білімгерлері өз таңдауларын жасады. Әркімнің дауысы маңызды!

02.10.2024ж. сағ. 10.00-де ҚазҰАЗУ-нің барлық ғимараттарындағы адамдар шұғыл түрде қауыпсіз аймаққа шығарылды. Қызметкерлер, ПОҚ және білімгерлерге сейсмикалық жаттығулар туралы түсінік берілді.



1 қазан - Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ресми түрде атап өтілді. «Бизнес және құқық» жоғары мектебінің 1-курс білімгерлері ПОҚ-ның құрметіне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырып, керемет мерекелік көңіл-күй сыйлап, шат-шадыман етті. Білімнің өрісін кеңейтуге арналған жұмысымыз жемісті, ісіміз берекелі болсын!


3.10.2024 ж. «Есеп, аудит және қаржы» кафедрасының ұйымдастыруымен Бухгалтерлер күніне 6В04103-«Есеп және аудит» БББ студенттеріне арналған қонақ дәріс өткізді. Дәріс қонақтары: ірі компаниялардың бас бухгалтер - практиктері және ҚР бухгалтерлер қауымдастығының өкілдері.


30.09.2024ж. ҚазҰАЗУ-нің бірінші курс студенттері арасында достық қарым-қатынас орнату, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «БІРІНШІ КУРС - 2024 KazNARU» Спартакиадасы жарыс жолында білімгерлер спорттың түрлерінен сынға түсті. Стадионда факультеттер арасында кіші футболдан жарысына жоғары мектеп білімгерлері тарапынан қолдау көрсетілді. Кіші футбол ұлдар арасындағы жарыс қорытындысы: 4-орын «Бизнес және құқық жоғары мектебі». Құттықтаймыз!





26.09.2024ж. “Бизнес және құқық” жоғары мектебі «Атом электр станциясы заман талабы» атты дебат өткізілді. Іс-шара мақсаты: АЭС жайлы білім алушылардың пікірін біле отырып, түсіндірме жұмысын жүргізу және жас ұрпақтың тіл байлығын дамыту. 1-2 курс білім алушылары Атом электр станциясы жайлы пікір алмасып, өз ойларын білдірді. Іс-шара Инженерлік технологиялар факультетінің деканы Әлдібаева Ләззат Тұрғынбайқызы бастаған, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Хазимов Марат Жәлелұлы және PhD, қауымдастырылған профессоры Әлібек Несіпбек қостаған топтың түсіндірме жұмысымен аяқталды.


21.09.2024ж. «Бизнес және құқық» жоғары мектебі команда құру мақсатында білімгерлерді күздің шуақты күнінде тауда «TEAM BUILDING» кешін ұйымдастырып есте қаларлықтай демалыс өткізді.


17-18.09.2024ж. Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен Өзін-өзі басқару ұйымының студенттік декан сайлауы өтті. Сайлау оффлайн түрде оқу ғимараттары мен студенттік жатақханаларда дауыс берілді. Нәтижесінде ЮП-23-01К топ студенті Қыдырбай Аружан дауыс жинап «Бизнес және құқық» жоғары мектеп студенттік деканы болып сайланды. Сәттілік!


11.09.2024ж. 7M04102-"Менеджмент" БББ магистранты Ынтымақ Рахат 1-курс студенттерін шабыттандыру мақсатында «Брендинг - экономика впечатлений» атты тақырыпта презентациясымен таныстырды. Бұл кездесу біздің студенттерге мотивация мен шабыт бергеніне сенімдіміз!

24.09.2024ж. Куратор, аға оқытушы Куатпекова А.К. ЭК-24-05, МН-24-09, ММУ-24-08, МН-24-10 І-курс білімгерлерімен Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайына саяхат жасап, өнер туындыларын тамашалады.



4.09.2024ж. Жаңғырған KazNARU-дың жаңа студенттеріне ақ жол! Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор, ҚР ҰҒА Президенті Ақылбек Күрішбаев жаңадан қабылданған бірінші курс студенттерін еліміздің байырғы, жетекші жоғары оқу ордасындағы алғашқы қадамдарымен құттықтады. Жиналған студенттер мен қонақтар үшін Қазақстанның эстрада жұлдыздары, «Мұзарт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов және басқа белгілі өнерпаздар ән-шашу арнады.




