KazNARU – КӘСІБИ БАҒДАР БОЙЫНША ҰЗЫНАҒАШ АУДАНЫНДА
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (KazNARU) Бизнес және құқық жоғары мектебі Ұзынағаш аудан орталығындағы бірқатар мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның мақсаты – жаңарған университеттің мүмкіндіктерін таныстырып, түлектерге болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру.
Іс-шара жанды форматта өтіп, оқушылармен ашық диалог орнатылды. Түлектер тек ақпарат алып қана қоймай, мотивация мен пайдалы кеңестер алды. Университет өкілдері жастардың қызығушылық деңгейінің жоғары болғанын атап өтті.
Кәсіби бағдар беру жұмысына келесі білім беру мекемелері қатысты:
• Мектеп-лицей
• Рысқұлов атындағы орта мектеп
• Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектеп
• С. Бердығұлов атындағы орта мектеп
• Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп
• Ұзынағаш орта мектебі
• Ұзынағаш №2 орта мектебі
• Абай атындағы мектеп-гимназия
Іс-шара барысында түлектер университеттің білім бағдарламалары, гранттық мүмкіндіктері және студенттерге жасалған инфрақұрылымдық жағдайлар туралы толық ақпарат алды. Оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы университет өкілдеріне ерекше шабыт сыйлады.
Іс-шараға жауапты: Бизнес және құқық жоғары мектебінің деканы Д.А. Ажинурина.