KazNARU-да «МАМАНДЫҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ» АТТЫ ФЕСТИВАЛЬ-ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ
Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Мамандығым – мақтанышым» атты мерекелік фестиваль-жәрмеңке ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – ауыл шаруашылығының қоғам өміріндегі маңызын көрсету, аграрлық мамандықтардың беделін арттыру, сондай-ақ болашақ мамандардың кәсіби әлеуеті мен шығармашылық мүмкіндіктерін таныстыру.
Фестиваль-жәрмеңке аясында университет факультеттері өздерінің білім беру және ғылыми-зерттеу бағыттарына сәйкес арнайы көрме алаңдарын әзірледі. Көрмеде ғылыми жетістіктер, инновациялық жобалар, тәжірибелік жұмыстар, өндірістік әзірлемелер мен ауыл шаруашылығы өнімдері көпшілік назарына ұсынылды.
Қатысушылар мен қонақтар ұсынылған өнімдердің ерекшеліктерімен, оларды өндіруде қолданылатын заманауи технологиялармен және аграрлық ғылымдағы жаңалықтармен танысты. Сонымен қатар факультеттер өз мамандықтарының ерекшеліктері мен кәсіби даярлық мүмкіндіктерін таныстырып, ауыл шаруашылығы саласындағы сұранысқа ие бағыттар туралы ақпарат берді.
Мерекелік фестиваль-жәрмеңке білім, ғылым және өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, аграрлық мамандықтардың маңызын дәріптеген, университеттің ғылыми және шығармашылық әлеуетін танытқан мазмұнды алаңға айналды.