ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫНЫҢ 10 МЕКТЕБІНДЕ КӘСІБИ БАҒДАР ЖҮРГІЗДІ

✅ KazNARU ұжымы Наурызбай ауданының 10 мектебіне арнайы барып, түлектермен жанды форматта кездесу өткізді. Бұл жолғы кәсіби бағдар жұмысы ерекше қарқынмен өтті – әр мектептің атмосферасы бөлек, оқушылардың қызығушылығы жоғары болды.

✅  Іс-шараны жүйелі өткізу үшін екі команда құрылды.
Бірінші команданы – Есеп және аудит кафедрасының аға оқытушысы Елубаева А.С. басқарды.
Екінші командаға – Бизнес және құқық ЖМ деканының орынбасары Сүндет З.Қ. жауапты болды.

✅Әр команда өз бағыты бойынша мектептерге барып, университеттің жаңашыл мүмкіндіктерін, білім бағдарламаларын және студенттерге жасалған жағдайларды кеңінен таныстырды.

✅  Жұмыс нәтижесі қуантты:
Кейбір мектептер меморандумға отыруға қызығушылық білдірді, ал көптеген түлектер KazNARU туралы көбірек білгісі келетінін ашық айтты. Университетке деген қызығушылық айқын байқалды –  бұл біздің бағыттағы дұрыс жолда екеніміздің дәлелі.

✅  Түлектердің көкейіндегі сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар берілді.
Ең бастысы – оқушылардың энергиясы бізге де шабыт сыйлады.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник