Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы факультеті 1929 жылы Алматы зооветеринарлық институтының зоотехникалық факультеті ретінде құрылды. Қазіргі таңда факультет агроөнеркәсіп кешенінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу саласы үшін жоғары білікті, инновацияға бағытталған, ұшқыр ойлы және зиялы кадрларды даярлайтын университеттің базалық білім және зерттеу құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Факультетте 2 ҚР ҰҒА академигі, 1 ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, 15 ғылым докторы, 19 ғылым кандидаты, 6 философия докторы (PhD) қызмет атқарады.
Бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары факультеттің келесі аталған бейінді кафедраларында жүзеге асырылады:
Факультет белгіленген миссияны орындап, алға қойылған мақсаттарға жету үшін базалық критерийлері мықты материалды-техникалық база, тәжірибелі профессор-оқытушылар құрамы, сапалы білім алушылар контингенті, жақын және алыс шетелдердің жетекші университеттерімен тығыз ынтымақтастық, серпінді даму болып табылатын барлық қажетті әлеуетке ие.
60+профессор-оқытушылар құрамы |
700+білім алушы |
18000+түлек |
400+білім алушыларды тәжірибелік дайындау бойынша келісім-шарттар мен ынтымақтастық туралы келісімдер |
Еренова Бибипатыма Ертаевна
ДеканЕренова Бибипатыма Ертаевна
Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы факультетінің деканы
Техника ғылымдарының докторы
Ғабит Гүлзат Ғабитқызы
Оқу ісі жөніндегі декан орынбасары
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
Мамаева Лаура Асильбековна
Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі кафедрасының меңгерушісі
Биология ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессор
Адылканова Шолпан Рахимбековна
Зооинженерия кафедрасының меңгерушісі
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,
профессор
ТөТҚ, Еренова Б.Е. (т.ғ.д., қауым.профессор).pdf
ТөТҚ, Мамаева Л.А. (б.ғ.к., қауым.профессор).pdf
ТөТҚ, Оспанов А.А. (т.ғ.д., профессор).pdf
ТөТҚ, Серікбаева А.Д. (б.ғ.д., профессор.pdf
ТөТҚ, Искакова Қ.М. (б.ғ.к., профессор).pdf
ТөТҚ, Каимбаева Л.А. (т.ғ.д., қауым.профессор).pdf
ТөТҚ, Тимурбекова А.К. (т.ғ.к., профессор).pdf
ТөТҚ, Дуйсенбекова О.О. (а.ш.ғ.к., профессор.pdf
ТөТҚ, Алмаганбетова А.Т. (т.ғ.м., аға оқытушы).pdf
ТөТҚ, Аметова М.М. (т.ғ.м., ассистент).pdf
ТөТҚ, Валиева Г.А. (т.ғ.м., аға оқытушы).pdf
ТөТҚ, Есмаганбетова А.Б. (т.ғ.м., аға оқытушы.pdf
ТөТҚ, Жалелов Д.Б. (т.ғ.м., аға оқытушы).pdf
ТөТҚ, Жамурова В.С. (а.ш.ғ.к., қауым.профессор).pdf
ТөТҚ, Кожабергенов А.Т. (а.ш.ғ.к., қауым.профессор).pdf
ТөТҚ, Муратбекова Қ.М. (т.ғ.м., аға оқытушы).pdf
ТөТҚ, Қозықан С. (а.ш.ғ.к., қауым.профессор).pdf
ТөТҚ, Мырзабекова М. (т.ғ.м., аға оқытушы.pdf
ТөТҚ, Сейсеналы М. (т.ғ.м., ассистент.pdf
ТөТҚ, Сулейменова Ж.М. (б.ғ.к., қауым.профессор.pdf
ТөТҚ, Тәжен Қ.П. (т.ғ.м., аға оқытушы).pdf
Зооинженерия, Адылканова Ш.Р. (а.ш.ғ.д., профессор).pdf
Зооинженерия, Әлпейсов Ш.А. (а.ш.ғ.д., профессор).pdf
Зооинженерия, Омбаев А.М. (а.ш.ғ.д., профессор).pdf
Зооинженерия, Садыкулов Т.С. (а.ш.ғ.д., профессор).pdf
Зооинженерия, Самбетпаев А.А. (а.ш.ғ.д., профессор).pdf
Зооинженерия, Бәймәжі (а.ш.ғ.к., қауым.профессор).pdf
Зооинженерия, Бупебаева Л.К. (а.ш.ғ.к., қауым.профессор.pdf
Зооинженерия, Буралхиев Б.А. (а.ш.ғ.к., профессор).pdf
Зооинженерия, Жумагалиева Г.М. (PhD, аға оқытушы).pdf
Зооинженерия, Кадыкен Р. (а.ш.ғ.к., қауым.профессор).pdf
Зооинженерия, Койшибаев А.М. (а.ш.ғ.к., қауым.профессор).pdf
Зооинженерия, Кулатаев Б.Т. (а.ш.ғ.к., қауым.профессор).pdf
Зооинженерия, Құсайнова Ж. (PhD, қауым.профессор).pdf
Зооинженерия, Нургазина З. (а.ш.ғ.м., аға оқытушы).pdf
Зооинженерия, Альпейсов Ш. (д.с.х.н. профессор). (2).pdf
Тұрақты даму – қоршаған орта мен ресурстарды сақтай отырып, сол арқылы келешек ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігіне нұқсан келтірмей, адамның ағымдағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған шаралар кешені.
Тұрақты даму табиғи ресурстарды, биологиялық түрлілікті сақтаудың және қоғамдағы пайданы әділ бөлудің маңыздылығын мойындай отырып, экономикалық өсуді, әлеуметтік дамуды және қоршаған орта факторларын теңестіру қажеттілігіне назар аударады.
Тұрақты даму мақсаттары – 2030 жылға қарай барлық аспектілері бойынша тұрақты даму қағидаттарына қол жеткізуге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының 2015 жылы қабылдаған 17 жаһандық дүниежүзілік мақсаттар.
Біріккен Ұлттар Ұйымының 17 тұрақты даму мақсаты кедейлікті жою, аштықты жою, таза су мен санитарияға қол жеткізу, сапалы білім беру, гендерлік теңдік, климаттың өзгеруімен күресу, әділеттілік пен теңдікті қамтамасыз ету және т.б. сол сияқты басымдықтардың кең ауқымын қамтиды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму мақсаттары жөніндегі саммитінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейінгі күн тәртібі бүгінгі ұрпаққа гүлденген болашақты құруға берілген бірден-бір мүмкіндік екенін атап өтті. Сондай-ақ, Президент Қазақстан үшін тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу ұлттық басымдық болып табылатынын және тұрақты даму қағидаттары елдің ұлттық стратегиялары мен бағдарламаларының негізіне айналғанын атап өтті.
Тұрақты даму мақсаттары әлеуметтік, экономикалық және экологиялық үш құрамдас бөлікті біріктіру арқылы тұрақты дамуға қол жеткізуге ықпал етуге арналған. Тұрақты дамудың үш құрамдас бөлігі арасындағы тығыз қарым-қатынас климаттың өзгеруінің ауыр салдары мен шектеулі табиғи ресурстарды сақтау және «жасыл» экономикаға көшу қажеттігі айқын бола бастаған заманауи жағдайларда әсіресе өзекті болып табылады.
«Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультеті тұрақты даму аймағындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бағдарламаларын қолдай отырып, жыл сайын дамуда және әлеуметтік, экономикалық және экологиялық бастамалар арқылы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесін қосып, қызметін тұрақты даму мақсаттарында белгіленген қағидаттарға сәйкес құруда, олардың негізгілері:
|
|
|
2-мақсат. Аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тамақтануды жақсарту және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына ықпал ету |
3-мақсат. Салауатты өмірді қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатын арттыруға ықпал ету |
4-мақсат. Барлығы үшін өмір бойы толық қамтылған және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және білім алу мүмкіндіктерін ынталандыру |
|
|
|
8-мақсат. Үдемелі, толық қамтылған және тұрақты экономикалық өсуге, барлығына лайықты толық және нәтижелі жұмыспен қамтуға ықпал ету |
12-мақсат. Тұтыну мен өндірістің ұтымды үлгілеріне көшуді қамтамасыз ету |
17-мақсат. Тұрақты даму мүддесінде жаһандық әріптестік шеңберінде жұмысты жүзеге асыру құралдарын нығайту және жандандыру |
«Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультеті АҚШ, Италия, Польша, Болгария, Түркия, Қытай, Малайзия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің шетелдік университеттерімен және ғылыми орталықтарымен өзара қызығушылық тудыратын салаларда бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және ғылыми тағылымдамадан өту, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға, кездесулерге, бағдарламалар мен жобаларға қатысу, докторанттар, магистранттар, студенттер, оқытушылар мен қызметкерлермен алмасу, ғылыми тағылымдамадан өту түріндегі ғылыми зерттеулер саласында тәжірибелермен және жетістіктермен алмасу, докторанттардың, магистранттардың, студенттер мен оқытушылардың ғылыми тағылымдамадан өтуі және академиялық ұтқырлығы, кітапханалар арасында оқу және ғылыми әдебиеттермен алмасу, мерзімді басылымдарда ғылыми еңбектерді бірлесіп жариялау, оқу бағдарламалары мен оқу-әдістемелік жұмыстарды бірлесіп әзірлеу және үйлестіру аясында тығыз байланыста жұмыс жасауда.
Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы
Факультет докторантура, магистратура және бакалавриат студенттерінің академиялық ұтқырлығын Қазақстан Республикасында қабылданған шетелге, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға жіберу Ережелері және Академиялық ұтқырлық туралы Ереже негізінде жүзеге асыруда.
Факультет білім алушылары академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша АҚШ, Италия, Польша, Болгария, Түркия, Қытай, Малайзия, Ресей елдерінің университеттерінде білімдерін қатар шыңдауда.
Факультетте Оңтүстік Корея, Пәкістан, Малайзия, Ресей және Өзбекстаннан келген шетелдік студенттер білім алуда.
Профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы
Профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы білім сапасын жақсартуға, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға, менеджмент жүйесін жетілдіруге ықпал ететін халықаралық қызметтің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Факультеттің Профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы Ынтымақтастық туралы келісімдерге сәйкес жақын және алыс шетелдердің университеттері мен ғылыми орталықтарында жүзеге асырылуда.
Халықаралық келісім-шарттар мен меморандумдар
Халықаралық ынтымақтастық жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарында профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларды оқыту және ғылыми тағылымдамадан өткізу туралы халықаралық шарттар мен меморандумдарға сәйкес жүзеге асырылуда. Біздің шетелдік серіктестер:
Ратгерс университеті (АҚШ)
Салерно университеті (Италия)
Вармино-Масурски университеті (Польша)
Тағам технологиялары университеті (Болгария)
Ауыл шаруашылық университеті (Болгария)
Ахи Эвран университеті (Түркия)
Мәскеу мемлекеттік қолданбалы биотехнология университеті (Ресей)
Ланчжоу университеті (Қытай)
Шихежи университеті (Қытай)
Паханг әл-Сұлтан Абдулла Малайзия университеті (Малайзия)
К.И.Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университеті (Қырғызстан)
Самарқанд мемлекеттік ветеринарлық медицина, мал шаруашылығы және биотехнология университеті (Өзбекстан)
Бірлескен білім беру бағдарламалары
Факультет 6В05102 – «Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша Малайзия Паханг Аль-Сұлтан Абдулла университетімен бірге UMPSA-KAZNARU «Bachelor of Applied Science in Biotechnology Industry with Honours» қос дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда.
Бірлескен ғылыми жобалар
Түркияның Ахи Эвран университетінің жетекші ғалымдарымен бірлесе отырып ZRT.D.1.24.001 «Қазақстан мен Түркияның кейбір жергілікті қой тұқымдарындағы BMP15 және GDF9 гендерінің полиморфизмі мен филогенетикалық байланысын зерттеу» тақырыбында Халықаралық жоба жүзеге асырылуда.
Ғылыми жетекшілері: PhD доктор, Ахи Эвран университетінің профессоры Корай Кирикчи және ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚазҰАЗУ профессоры Шолпан Адылканова.
Жоба аясындағы ғылыми зерттеулердің маңыздылығы онтогенездің бастапқы кезеңдерінде қойдың өнімді және асыл тұқымдық қасиеттерін жақсартуға және болжауға мүмкіндік беретін алынған мәліметтерді кеңейтуде. Бұл қой шаруашылығындағы селекцияның бағытын анықтауға және қарқынын арттыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде еңбек өнімділігін арттырады және шығындарды азайтады, сол арқылы қой шаруашылығы саласының тиімділігін одан әрі жақсартуды жеделдетеді.
Түркияның Сулейман Демирел университетінің жетекші ғалымдарымен бірлесе отырып «Бие сүті мен қымыздың антигипертензивті қасиеттері мен микробиотасын анықтау» тақырыбында Халықаралық ғылыми жоба жүзеге асырылуда.
Ғылыми жетекшісі: Сулейман Демирел университетінің профессоры Айнұр Гүл Карахан, орындаушылар: ҚазҰАЗУ жас ғалымдары, PhD доктор Тоғжан Боранбаева, магистр Дулат Жалелов, Сулейман Демирел университетінің магистрі Гофер Озен.
Жоба аясында бактериялар мен ашытқылардың геномдық ДНҚ, геномдық матрица тазарту жинағы (грам - позитивті және грам - теріс бактериялардан, ашытқыдан ДНҚ тазарту жинағы), метагеномдық талдау, Novaseq платформасы, 16s V3-V4, 250 PE, метагеномдық талдау, Novaseq платформасы, ITS1 250 PD және метагеномды биоинформатикалық талдау, бие сүті және қымыз зерттеулері жүргізіледі.
Халықаралық жазғы мектеп
Факультет «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» және «Биотехнология және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі» екі бағыт бойынша Халықаралық жазғы мектептерді жыл сайын өткізуде.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Садықұлов Төлеуқұл Садықұлұлының жетекшілігімен 2024 жылғы 03-15 маусым аралығында «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» бағыты бойынша Халықаралық жазғы мектеп барысында Қазақстан Республикасының, алыс және жақын шетелдердің жетекші ғалымдары, оқытушылар, PhD докторанттар мен магистранттардан 82 адам қатысты.
Мектеп гибридтік форматта жұмыс жасады, офлайн форматта 37 адам, онлайн форматта 45 адам қатысты. Мектепке қатысушылар, Қытай, Түркия, Польша, Беларусь, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанның ғалымдары мектеп сессиясына белсене қатысты.
Ғалымдардың дәрістері өте қызықты, маңызы аса зор болды, үлкен пікірталас тудырды. Корай Кирикчи, Ахи Эвран университетінің профессоры (Түркия), Лонг Руйжун, Ланчжоу университетінің профессоры (Қытай), Ян Мичински, Вармино-Масурски университетінің профессоры (Польша), профессор Аниз Джозеф, Путра университеті жанындағы Халал институтының директоры, (Малайзия), Ресей ғылым академиясының академигі Ю.А.Юлдашбаев, К.А. Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің профессорлары және отандық ғалымдар, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Садықұлов Т.С., профессор Әлпейісов Ш.А., профессор Әбішев Б.А. және т.б. ғалымдардың дәрістері ерекше қызығушылық тудырды.
Биология ғылымдарының докторы, профессор Әсия Демеуханқызы Серікбаеваның жетекшілігімен 2024 жылғы 03-15 маусым аралығында «Биотехнология және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі» бағытындағы Халықаралық жазғы мектеп сәтті өтті. Мектеп барысында әртүрлі жақын және алыс шетелдердің студенттері мен жас ғалымдарын биотехнологияның маңызды аспектілері бойынша оқыту және тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатына қол жеткізілді.
Мектеп Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай және Малайзия сияқты түрлі елдерден келген оқытушылар мен студенттерді қосқанда барлығы 58 қатысушының басын біріктірді.
Мектеп бағдарламасы биотехнология және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы жетекші мамандардың дәрістерін, сонымен қатар практикалық шеберлік сабақтарын мен ғылыми мекемелердегі экскурсияларды қамтыды. Қатысушылар өзекті зерттеу мәселелерін талқылауға, тәжірибе алмасуға және білімдерін жетіддіруге мүмкіндік алды.