KazNARU — Қазақстанның Ұлттық аграрлық зерттеу университеті

KazNARU мен ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫН ҚАБЫЛДАДЫ

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен Қызылорда қаласының Білім бөлімінің басшылары «Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» атты кәсіби бағдар беру бағытында офлайн/онлайн форматында кездесу ұйымдастырды.

✅ Кездесуге KazNARU басшылығы, проректорлар, факультет декандары мен профессор-оқытушылар құрамы, Қызылорда қаласының Білім бөлімінің өкілдері, мектеп директорлары мен сынып жетекшілері, профориентологтар, ата-аналар, жоғары сынып оқушылары мен университет студенттері қатысты.

✅ KazNARU Басқарма Төрағасы-Ректордың бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы өзінің алғы сөзінде еліміздегі жетекші аграрлық университеттің халықаралық стандарттарға сай сапалы білім беріп, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға байланысты бүгінгі тыныс-тіршілігі мен жетістіктеріне тоқталып, кездесуге қатысушыларға сәттілік тіледі.

✅ «KazNARU бастамасымен қазіргі таңда түрлі облыстардың білім басқармаларымен, қалалық және аудандық білім бөлімдерімен, мектептер мен колледж директорларымен, жоғары сынып оқушыларымен кәсіби бағдарды ұйымдастыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. «Ашық есік» күні де ұйымдастырылады. Оқу ордамыздың өкілдері белгілі бір білім беру ұйымдарына жауапты болып бекітілген. Тұрақты түрде онлайн және офлайн форматында өткізіліп келе жатқан кездесулер өз нәтижесін береді деп сенеміз. Бүгінгі кездесуден кейін университетімізде жоғары білім алғысы келетін қызылордалық талапкерлер қатары толыға түседі деп ойлаймыз», - деді Пірімқұл Шолпанқұлұлы.

✅ Қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы модераторлық жасай отырып, оқу ордасына оқуға қабылдау ережелерімен таныстырды.

«Біздің университетіміз Қызылорда облысындағы білім беру ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді. Биылғы 3 ақпан күні Қызылорда қаласында KazNARU базасында ашылған «Ташкент ирригация және ауылшаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» ҰЗУ филиалының көрмесі ұйымдастырылды. И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің ұжымымен және студенттерімен онлайн кездесу ұйымдастырдық. Колледждің оннан аса талапкері біздің факултеттерде оқуға ниет білдірді. Енді сіздерді де оқуға шақырамыз» - деді Айнұр Елтайқызы.

✅ Қызылорда облысы білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің бас маманы Әбдіқадыров Қанат Әлібекұлы жас ұрпақтың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына 57 мектеп пен 20 колледж ұстаздары белсенді атсалысып келе жатқанын және кәсіби бағдар беру жұмысы басты назарда тұрғанын атап өтті..

«Кәсіби бағдар беру – бұл мемлекеттік маңызы зор жұмыс, қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде мақсатты атқарылатын шара. Сондықтан, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті өткізіп отырған бүгінгі кездссуге қаламыздағы барлық мектептердің директорлары, кәсіби бағдар берумен айналысатын педагогтар мен жоғары сынып оқушылар қатысып отыр. Осындай байланыстар жастарымыздың өз болашағын дұрыс таңдауына үлкен ықпал етері анық. Арнайы кездесу өткізуді ұйымдастырған университет ұжымына Білім бөлімі басшылығының ризашылығын жеткіземін», - деді Қанат Әлібекұлы.

✅ Бұдан кейін ой-пікір қосқан университет оқытушылары заманауи инновацияларды құру және дамыту, білім беру мен ғылым саласындағы жетістіктер туралы презентация ұсынды. Оқу орамыздың студент жастары аграрлық мамандақтардың болашағының зор екендігін атап өтіп, жасөспірімдерге KazNARU-ды таңдауға кеңес берді.

✅ Қаладағы мектеп директорлары, мамандар жас ұрпақтың болашақ мамандығын таңдауға мүмкіндік жасайтын бүгінгідей іс-шаралардың маңыздылығына тоқталып, жоғары білімге талаптанған, болашаққа қанаттанған, білім бәйгесіне түскелі тұрған түлектерге ақ жол тіледі.

✅ Кездесуге Қызылордадағы №1 Қ. Мұхамеджанов атындағы мектеп-гимназия, №4 С. Сейфуллин атындағы ақпараттық технология мектеп-лицейі, №9 Н.Ілиясов атындағы мектеп-гимназия, №15 М. Дүйсенов атындағы мектеп-лицей, №12І. Қабылов атындағы ақпараттық технология мектеп-лицейі, №140 Абылай хан атындағы қазақ орта мектебі, №187 М.Шоқай атындағы ақпараттық технология мектеп-лицей т.б. мектептедің бітірушелері белсене қатысты.

✅ Олар ЖОО-ға құжат тапсыру, мамандық таңдау, шетелге шықпай-ақ халықаралық диплом алу, грант бөлінісі мен оған түсу ықтималдығытуралы сұрақтар қойып, толымды жауаптар алды.

✅ Кездесу қортындысында университет басшылығы мен «Қызылорда облысының білім басқармасының» Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы және барлық мектеп директорларымен Меморандумға қол қойылды.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник