KazNARU СТУДЕНТТЕРІ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

KazNARU СТУДЕНТТЕРІ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

2026 жылдың 8 қыркүйегінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Заң мен тәртіп: қауіпсіз қоғам» қағидаты аясында студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған ашық диалог өтті.
Кездесуге Республикалық студенттік омбудсмен Айболат Сембиев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, заң ғылымдарының докторы Жанар Кегембаева және Алматы қаласы Полиция департаментінің өкілі, полиция подполковнигі Дәурен Көбеев қатысты.
Кездесу барысында жеке деректерді қорғау, кибералаяқтықтың алдын алу, әлеуметтік желілердегі жауапкершілік және цифрлық кеңістіктегі қауіпсіз мінез-құлық мәселелері талқыланды.
Спикерлер қазіргі ақпараттық ортада сыни ойлаудың маңыздылығына ерекше назар аударды. Сонымен қатар жасанды интеллект технологиялары қарқынды дамып жатқан кезеңде жалған фото, видео және өзге де манипуляциялық контентті шынайы ақпараттан ажырата білу жолдары сөз болды.
Ашық диалог барысында студенттер мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, киберқауіпсіздік пен жеке ақпаратты қорғауға қатысты практикалық ұсынымдар алды.
Іс-шара жастардың цифрлық мәдениетін қалыптастыруға, ақпараттық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға және интернет кеңістігінде сауатты әрекет ету дағдыларын дамытуға бағытталды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник