ХАБАРЛАНДЫРУ! KazNARU СТУДЕНТТЕРІНЕ КОРЕЯДА БІЛІМ АЛУ МҮМКІНДІГІ!
📢 Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (KazNARU) Корея Республикасындағы Jeonbuk National University (JBNU) университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуға конкурс жариялайды.
📍 Білім алу орны: Jeonbuk National University (JBNU), Корея Республикасы
🎓 Орын саны: 20
📅 Құжат қабылдаудың соңғы күні: 2026 жылғы 28 қазан.
👩🎓 Конкурсқа қатыса алады:
- 2–3 курс студенттері («Ветеринария» мамандығынан басқа);
- 1-курс магистранттары.
📄 Қажетті құжаттар:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- GPA көрсеткіші 3.0-ден төмен емес транскрипт;
- Факультет пен кафедрадан ұсыныс хат;
- Ағылшын тілін B2 деңгейінен төмен емес меңгергенін растайтын сертификат (IELTS, TOEFL, Duolingo English Test, EF SET немесе басқа баламалы сертификат);
- Мотивациялық хат.
💡 Бағдарлама шарттары:
✈️ Жол жүру шығындары – білім алушының өз есебінен;
🏫 Оқу ақысы – қабылдаушы JBNU университетінің есебінен;
🏠 Тұру шығындары – білім алушының өз есебінен.
🔍 Іріктеу тәртібі:
- Құжаттарды KazNARU Халықаралық офисіне тапсыру;
- Ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін тілдік мониторингтен өту;
- Конкурстық іріктеу нәтижесінде JBNU университетіне ұсынылатын үміткерлер тізімін қалыптастыру;
- Мақұлданған үміткерлердің JBNU порталы арқылы онлайн өтінім толтыруы.
📞 Қосымша ақпарат: KazNARU Халықаралық офисі.