ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, ДОСТАР!
Сіздерді Ұлттық кітап күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл айтулы күн, былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын, осы бастамамен биыл тұңғыш рет аталып өтуде. Бұл – ұлт руханиятын жаңғыртуға бағытталған тарихи маңызы бар бастама!
Кітап – адамзаттың рухани байлығы, ой-сананың шамшырағы. Оқу мәдениетін арттыру – білімді қоғамның берік іргетасы. Осы игілікті бастаманы қолдау мақсатында «Бірге кітап оқиық» атты жалпыреспубликалық марафонға біз де қолдау білдірдік. Марафон аясында елімізге белгілі жазушы, Қазақстанның халық жазушысы Төлен Әбдік ағамыз оқырман таңдайтын үздік кітапты ұсыну эстафетасын көпшілікке жолдаған болатын.
Мен өз тарапымнан жалпы оқырман қауымға, әсіресе өскелең ұрпаққа таным көкжиегін кеңейтуге септігін тигізетін бірқатар әдебиеттерді оқуға кеңес беремін. Солардың ішінде ерекше ұсынатын туынды – «ЖИ–2041. Біздің болашағымыздың он көрінісі» атты кітап (авторлары – Ли Кайфу мен Чэнь Цюфань). Бұл туынды – жасанды интеллекттің болашақтағы даму бағыты мен оның адамзат тіршілігіне әсері жайлы терең сараптамаға құрылған. Бүгінгі буын үшін бұл еңбек – мазмұны бай, өзекті әрі құндылығы зор ғылыми-танымдық шығарма.
Құрметпен, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті А.КҮРІШБАЕВ
@топовые поклонники Жас Ғалымдар Кеңесі