KazNARU — Қазақстанның Ұлттық аграрлық зерттеу университеті

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ

✅ 2025 жылғы 18 сәуірде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде офлайн/онлайн форматта «АӨК-тің тұрақты дамуы мен азық-түлік қауіпсіздігінің экономикалық-құқықтық мәселелері: қолданбалы зерттеулер, зияткерлік технологиялар және инновациялық даму» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

✅"Бизнес және құқық" Жоғары мектебінің ұйымдастыруымен өткен бұл маңызды іс-шараға отандық және АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің танымал ғалымдары, агросаланың білікті мамандары, мемлекеттік құрылымдар мен орта бизнес өкілдері қатысты.

✅ Конференцияға қатысушылар жаһандық экономиканың заманауи талаптарына жауап беретін агросекторындағы ғылым, технология, бизнестің дамуындағы нақты іс-шаралар мен қадамдарды талқылау және болашағын зерделеу бағытында пікір алмасты.

✅ Өзінің кіріспе сөзінде KazNARU Ғылым департаментінің директоры Сұлтанов Ахметжан Ақиұлы АӨК саласындағы зияткерлік технологиялар және инновациялық ғылыми зерттеулердің агросекторда қолданылуы, азық-түлік қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығы, экономикалық-құқықтық мәселелердің ауыл шаруашылығын дамытудағы ықпалы туралы түйінді тұстарын атап өтті.

✅ Тақырыпты талқылау «КазНИИЭ АПСКиРТ» Басқарма төрағасының м.а., э.ғ.д., профессор, ҚР ҰАҒА академигі Акимбекова Ғалия Үйсімбекқызы, з.ғ.д., "Құқық"кафедрасының профессоры Шәріпов Шаймардан Махаметұлы, ⠀К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің профессоры Быков Александр Александрович, Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық Институтының "Құқықтану" кафедрасының меңгерушісі Сайлибаева Жанель Жүрсінқызы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық унриверсиетінің профессоры Толысбаев Бауыржан Советұлы (онлайн), Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің профессоры Сапрыка Виктор Александрович (онлайн), Санкт-Петербург мемлекеттік аграрлық университетінің профессоры Холод Александр Владимирович (онлайн). т.б. спикерлер аграрлық саясаттың әлсіз тұстарына тоқталып, нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігі, институционалдық кедергілер туралы ой-ұсыныстарымен бөлісті.

✅ Сондай-ақ, конференция барысында жаңашыл шешімдер қабылдау, қолданбалы зерттеулердің аясын кеңейту, Big Data, жасанды интеллект, цифрландыру сияқты – АӨК-ті жаңа деңгейге көтеретін инновациялар, практикаға бағытталған ғылыми тәсілдер, ауыл шаруашылығын басқаруға арналған нақты жобалар мен оларды жүзеге асыру тетіктері ұсынылды.

✅ Агросекторды дамыту бағытында ғылым, технология жетістіктерін өндіріске енгізу, ұлттық және өңірлік деңгейде азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудың тиімді тетіктері ұсыну арқылы келешекке бағытталған, мазмұны терең, форматы заманауи халықаралық конференцияның шешімідері жоғарыдағы тиісті мекемелерге жолданатын болады.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник