KazNARU БАЗАСЫНДА ХVII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ӨТТІ
2025 жылдың 24-25 сәуір аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті базасында еліміздегі жетекіш жоғары оқу орындарыынң қатысуымен ХVII Республикалық пәндік олимпиада болып өтті.
Пәндік олимпиаданың ашылу салтанатында KazNARU Басқарма Төрағасы-Ректордың бірінші орынбасары ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы университет басшылығы атынан құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.Сонымен бірге ол білім-ғылым кеңістігінде 96 жылдық тарихы бар, республикада екінші болып ашылған жоғары оқу орныныңи бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқталып өтті.
KazNARU агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың барлық бағыттары бойынша кадрлар дайындайтын Қазақстандағы бірден-бір жоғары оқу орны болып табылады. QS әлемдік рейтингінде университет қазақстандық жоғары оқу орындары арасында бесінші, Орталық Азия жоғары оқу орындары арасында алтыншы орында тұр. Оқу процесінде 6 факультет пен 24 кафедрада 130 білім беру бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізеді. Студенттеріміз шетелдік озық ЖООЛармен бірге екі дипломдық бағдарлама бойынша білім алады.
«Біздің осындай халықаралық қауымдастықта өзіндік орны бар оқу ордамызда ХVII Республикалық пәндік олимпиаданың өткізілуі университетіміздің абырой беделінің жоғары екендігінің бір дәлелі. Дүбірлі сайысқа еліміздің 8 таңдаулы оқу орнынан ең үздік студенттер келіп отыр. Республикалық пәндік олимпиадаға қатысу – өз біліміңізді көрсету және сынау, қиындықтарды жеңуді үйрену, өз қабілеттеріңізді көрсету және университетіңіздің атынан шыққан әрбіріңіз үшін үлкен жауапкершілік. Сонымен қоса, бұл Сіздерге жаңа достартармен, болашақ әріптестермен танысуға таптырмас мүмкіндік. Барлық қатысушыларға сәттілік, шығармашылық табыс және жемісті еңбек тілеймін!», - деді Пірімқұл Шолпанқұлұлы.
Қатысушылар 3-4 курс студенттері ерекше сынақ алаңында пәндік олимпиаданың 4 білім беру бағдарламасы бойынша бақ сынасты.
Жеміс-көкөніс шаруашылығы;
Су ресурстары және суды пайдалану;
Ветеринариялық медицина;
Бағалау.
Олимпиадаға қатысушылар:
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті;
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті;
Торайгыров университет (Павлодар қаласы);
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті;
Мухтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті;
Шәкәрім атындағы университет (Семей қаласы);
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті;
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті.
Олимпиада 2-кезеңмен өткізілді:
1. Тестілеу;
2. Теориялық және практикалық (ситуациялық, зертханалық) тапсырмаларды шешу.
Екі күн ішінде білім алушылар университет тынысымен танысып, ұмытылмас сәттердің куәсі болды.Басқарма Төрағасы-Ректордың орынбасары, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абдыров Айтжан Мұхамеджанұлы пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған студенттерді Дипломдармен марапаттап, белсене қатысушыларға Алғыс хат берді.
Республикалық пәндік олимпиадаға қатысқан студенттердің білім сайысындағы қадамдарына қолдау білдіріп келген жетекшілеріне KazNARU басшысы Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлының Алғыс хаттары табысталып, университет Төсбелгісімен марапатталды.
Олимпиадаға қатысушылар мен әріптестерінің атынан Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің доцент м.а., PhD Сенгалиев Ербол Маратұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне ұжымына және ұйымдастырушыларғареспубликалық көлемдегі аса маңызды іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.
Барлық жеңімпаз студенттер мен олардың жетекшілерін жеңісті белестерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілейміз!
KazNARU Баспасөз қызметі.