KazNARU МЕН НИНЬСЯ-ХУЭЙ ТҰЗДАНҒАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

KazNARU МЕН НИНЬСЯ-ХУЭЙ ТҰЗДАНҒАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

21 қыркүйекте Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Қытай Халық Республикасының Нинься-Хуэй автономиялық ауданы Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер департаментінің делегациясымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы – аграрлық ғылым мен заманауи технологиялар саласындағы бірлескен жобаларды дамыту.

Делегацияны KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары Пірімқұл Ибрагимов және Басқарма Төрағасы – Ректордың инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Қуат Сұлтанғазиев қарсы алды. Келіссөздерге университет басшылығы, ғалымдар мен салалық мамандар қатысты.

Нинься-Хуэй автономиялық ауданының делегациясы құрамында аграрлық сала өкілдері Ян Фа, Юй Фэнцзюань және Лу Яофу болды.

Келіссөздер барысында тұзданған ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылды. Тараптар тұзға төзімді ауыл шаруашылығы дақылдарын бірлесіп зерттеу, топырақтың тұздану деңгейін төмендетуге бағытталған тәсілдерді қарастыру және заманауи агротехнологияларды сынақтан өткізу мүмкіндіктерін талқылады.

Сонымен қатар мамандар даярлау, ғылыми тәжірибе алмасу және бірлескен демонстрациялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.

Кездесу қорытындысында ғылыми зерттеулер мен агротехнологиялар саласындағы алдағы ынтымақтастықтың басым бағыттары айқындалды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник