KazNARU мен ZHULDYZ FM РАДИОСЫ ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен республикамызға танымал ақпарат құралының бірі – Жұлдыз FM радиосы өзара әріптестік туралы келісімшарт аясында оқу ордамыздың имиджін қалыптастыру және қоғамға жеткізу барысында бірлесе қызмет жасап келеді.
2014 жылдың қараша айынан эфирге шыққалы бері ZHULDYZ FM еліміздің түкпір-түкпірінен тыңдармандарын тауып, сапалы, әрі өзекті ақпаратпен, жаңалықтармен таңнан кешке дейін үздіксіз хабардар етеді.
Шығармашылық жетістіктері үшін «Халық сүйіктісі» сыйлығы (2016), Республикалық «Үркер» сыйлығының лауреаты (2018), «Толқын» байқауының жүлдегері (2018) атанған радионың аудитриясы да жыл сайын артып келеді.
Бүгін 19 сәуір сағ. 08-40-тан бастап, 30 тамызға дейін әріптес радио KazNARU туралы ақпараттық роликті күніне бес рет екі тілде эфирден беріп отыратын болады.
Алға қойған ортақ мақсатымызға сәттілік тілейміз!
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті – еліміздегі ең үздік бестікке кіретін көшбасшы оқу орны.
KazNARU агроөнеркәсіптік кешен, IТ-технология, энергетика, су ресурстары, логистика, құқық, бизнес және басқару салалары үшін білікті мамандар дайындайды.
Талапкерлер үшін «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру бағдарламаларына қабылдаудың шекті баллы – 50 баллға дейін төмендетілді.
KazNARU – студенттерін жатақханамен толық қамтамасыз еткен Алматы қаласындағы жалғыз университет.
Агроөнеркәсіптік кешен мамандықтары – жастарды табысқа жетелейтін мамандық!
Жас түлек! KazNARU-мен бірге шетелдік оқу орнының қос дипломын алу мүмкіндігін таңда! Өз болашағыңды таңда!
KazNARU Баспасөз қызметі