KazNARU — Қазақстанның Ұлттық аграрлық зерттеу университеті

«Mareven-Food» КОМПАНИЯСЫ ТАҒАМ ӨНДІРІСІНІҢ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ БІРІ

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Инженерлік технологиялар» факультеті, «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының 2-3 курс студенттері үшін практиканы тиімді ұйымдастыру мақсатында заманауи тағам өндіруші ірі компанияның бірі «Mareven-Food» ЖШС өкілдері қонақ дәріс өткізді.

✅ HR менеджер Арайлым Жақсылықова «Mareven Food Tien-Shan» – Қазақстандағы тағам өндірісінің дамуына елеулі үлес қосып отырған жетекші компаниялардың бірі екенін, өнімдері еліміз бен Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей және Моңғолия нарықтарына экспортталатынын айтып өтті.

✅ «Компанияның жылдық өндірістік қуаты 54 000 тонна. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 35 миллиард теңгеден асты. Өнімдеріміздің асортименті көп және сұранысқа қарай өсіп отырады. Мысалы,. 2023 жылы компания «Actibo» атты газдалған сусын өндірісін іске қосты, бұл өнім Қазақстанда ғана емес, көрші елдерде де сұранысқа ие . Біз болашақ агроөнеркәсіп мамандарын өзімізде практикадан өтуге шақырамыз. Сіздер көп нәрсені үйреніп, теориялық білімдеріңзді байытатын боласыздар», - дед спикер.

• Брендтері: Rollton, BIGBON, Petra, Actibo.

• Өнім түрлері: жылдам дайындалатын кеспе, макарон өнімдері, сорпалар, пюре, тұздықтар, газдалған сусындар.

• Жұмыс орындары: 690-нан астам, олардың 95%-ы жергілікті тұрғындар .

✅ Студенттер дәрісті қызығушылықпен тыңдап, тақырып бойынша түрлі сұрақтар қойып, осы компаниядан практика өту үшін қандай талаптар қойылатынын сұрап білді. Лекция өткізушілер тарапынан толымды жауаптар қайтарылды.

✅ Осыған орай, компания өкілдері болашақта «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасымен бірігіп әр уақытта жұмыс жасауға дайын екендерін білдірді. Және KazNARU мен «Mareven-Food» ЖШС арасында ынтымақтастық келісім-шартына қол қойылды.

KazNARU Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник