KazNARU — Қазақстанның Ұлттық аграрлық зерттеу университеті

KazNARU мен «JASTAR RUHY» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ҰЙЫМЫ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҚ

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы - Ректордың бірінші орынбасары Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы мен «AMANAT» партиясы жанындағы «Jastar ruhy» Жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы Ділдәбек Дидарбек Жұмағалиұлы өзара стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

✅ Пірімқұл Ибрагимов өз сөзінде бұл меморандум студенттердің шығармашылық әлеуетін арттыруға, қазақстандық патриотизм ұстанымын қалыптастыруға, тың бастамаларды жүзеге асыруға, жастар таңдаған салада жақсы білім беріп, тәжірибесін жетілдіруге жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді.

«Сіздер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялағанын білесіздер. Бұл тапсырма білім беру саласындағы бәрімізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Университет басшылығы және профессор-оқытушылар құрамы студенттерге сапалы білім бере отырып, кадрлар тапшылығы сезілетін аграрлық салаға білікті мамандар даярлауды басты мақсат тұтады. Сонымен бірге жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, қоғамдық белсенділіктерін арттыруға, сол арқылы елге адал қызмет етуге тәрбиелеуді басты назарда ұстаймыз», - деді Пірімқұл Шолпанқұлұлы.

✅ «Jastar ruhy» Жастар қанаты Алматы қалалық филиалының жетекшісі бүгінге дейін шаһардағы көптеген ЖООлар мен колледждерде болып, осындай іскерлік келісім қабылдауға қатысқанын атап өтті.

«Біз осы ынтымақтастық аясында оқу ордаларындағы маңызды ғылыми жаңалықпен, студенттердің бастамаларымен танысамыз. Озық идеялар мен тың жобаларды Жас көшбасшылар платформасы аясында көпшілікке таратуға, өмірде пайдалануға күш саламыз. Мұндай жобалар жастарымызды жаңашылдыққа, білімділікке, біліктілікке баули отырып, бір арнада жұмылдыра түседі» – деді Дидарбек Жұмағалиұлы.

✅ Бұл жастар ұйымы 2008 жылғы 14 мамырда Астана қаласында «Жас Отан» ЖҚ VI Съезінде қоғамдық бірлестік тұлғасында құрылған. 2022 жылғы 12 шілдеден бастап қазіргі «Jastar ruhy» атауына ие болған.

Филиал жетекшісі мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға жәрдемдесе отырып, биылғы жылы Алматыда "Қайсар" және "Сарбаз болғым келеді" әскери-патриоттық бағдарламалары, "Чемпиондық Рух" спорттық бастамасы, "Жас экопатруль" экологиялық жобасы, Республикалық жастар лагерінің ұйымдастырылуы, 1000 жас азаматқа құқықтық көмек көрсету т.б. жоспарланғанын ортаға салды.

✅ Университет Жастар комитетінің төрағасы Әшірәлі Сманов жастар тәрбиесі бағытында белсенділігімен көзге түскен студенттік ұйымдар жеткілікті дей отырып, олардың атқарған іс-шараларына тоқталып өтті.

«Салауатты өмір салтын насихаттау, экологиялық бастамалар, құқықтық сауаттылық, әскери-патриоттық тәрбие аясында жастар мәдениетін қалыптастыру, зияткерлік деңгейін арттырар іс-шаралар жүйелі жүргізіліп келеді. Енді «Jastar ruhy» ЖҚ-мен бірге осы жұмыстарымыз жаңа деңгейге көтеріледі деп ойлаймыз», - деді Жастар комитетінің басшысы.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник