KazNARU ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАРЫ БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу бір топ университетінің профессорлық-оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері Әл-Айн және Дубай қалаларында (Біріккен Араб Әмірлігі) өткен «Dаiry Olimpics 2025» халықаралық сүт олимпиадасы аясындағы ғылыми конференцияға Қазақстан атынан қатысып, белгіленген тақырыптар бойынша баяндамалар жасады.
Халықаралық сүт олимпиадасы – бұл бүкіл әлемнің сүт өнеркәсібі саласындағы таңдаулы эксперттер мен мамандардың басын біріктіретін ғылыми тәжірибе алмасу алаңы. Оған Орта Азия мемлекеттері, Қазақстан, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Үндістан, Түркия, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақ елдерінен 400-дей өкілдер қатысты.
Конференцияда сүт өнеркәсібі алдында тұрған трендтер, жаһандық инновациялар, сүт нарығының болашағы және азық-түлік тұтынуға қатысты сын-қатерлердің алдын алу, жаңа міндеттер мен жаңа мүмкіндіктер талқыланды.
Форумда KazNARU университетінің «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының жас ғалымы, PhD Тоғжан Боранбаева, «Ветеринариялық санитария» кафедрасының PhD-ры Аида Абжалиева, аға оқытушы Ақжарқын Ұзынтілеуова және Сүт өнімдерінің референттік зертханасының ғылыми қызметкері Жанна Досымова өз баяндамалаырмен халықаралық қауымдастықтың назарын аударды.
Әсіресе «Бие сүті негізінде пробиотикалық микроорганизмдері бар профилактикалық және иммуномодуляциялық өнімді жасау» және «Жануарлар мен мал өнімдерінің радиоактивтілігін төмендету жолдарын әзірлеу» атты тақырыптар ғылыми қоғамдастықтың үлкен қызығушылығын тудырды.
Жас ғалымдардың осындай биік деңгейдегі халықаралық іс-шараға қатысып, отандық инновация жетістіктерін ұсынуы KazNARU профессор-оқытушылар құрамының жоғары ғылыми және кәсіби біліктілік деңгейінің өскендігін көрсетеді, сонымен бірге университеттің халықаралық байланысының одан ары нығайуына ықпал етеді.
Белсенді пікірталастармен басталған халықаралық форум нәтижесінде әртүрлі елдердің сүт өнеркәсібі саласындағы жетекші сарапшылары мен ғалымдарымен өзара әріптестік байланыстар орнатылды.
KazNARU Баспасөз қызметі