KazNARU — Қазақстанның Ұлттық аграрлық зерттеу университеті

KazNARU мен WAGENINGEN UNIVERSITY (Нидерланды Корольдігі) ЕКІ ДИПЛОМДЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ТҮСІНДІРІЛДІ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Халықаралық қатынастар мен стратегиялық даму проректоры Рафис Абазов бастаған топ Алматы қаласындағы Медеу ауданы әкімдігі ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Келешек мамандығын таңда!» атты кәсіби бағдар көрмесіне қатысты.

Проректор мектеп бітіруші жас өрендерге KazNARU базасындағы аграрлық мамандықтар мен орман ресурстары бойынша QS әлемдік рейтингінде №1 жоғары оқу орны болып табылатын Вагенинген зерттеу университетінің (Wageningen university , Нидерланды Корольдігі) білім беру бағдарламаларын таныстырды. Университет туралы үш тілдегі бейнеролик көрсетілді.

✅ «Соңғы жылдары университет басшысы Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлының бастамасымен заман талабына сай, АҚШ, Қытай Европа елдерінің, соның ішінде Нидерландылық әріптестермен бірлесе оқу ордамызда білім берудің жаңа халықаралық стандарттары енгізілуде. Егер сіздер екі дипломдық білім беру жүйесімен оқып, бәсекеге қабілетті білікті маман атанғыларыңыз келсе, университетімізге шақырамыз. Талантты жастар үшін әрқашан есігіміз ашық», - деді Рафис Фанисұлы.

✅ Университет өкілдерінің қатысуымен жер жерде өтіп жатқан кәсіби бағдар беру іс-шараларына қатысу, оқу ордамызды таныстыру және ауыл шаруашылығы мамандықтарын насихаттау жұмыстары одан ары жалғасуда.

✅ Атап айтқанда, «Ташкент ирригация және ауылшаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» ҰЗУ Филиалының директоры, т.ғ.д, профессор Абдурахим Бердишев Өзбекстандағы қазақ мектептерінің түлектеріне KazNARU мен жаңа оқу ордасы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Ол Ташкент облысндағы Қыбырай Тұманұлы ауданында орналасқан № 9, 13, 20, 24 және Бостандық ауданындағы № 28, 29, 33, 34, 53 қазақ мектептерінде болып қайтты.

«Аталған мектептерде ұлты қазақ Өзбекстан азаматтары білім алады. Еліміздегі қандастарға көрсетіліп отырған жеңілдіктер туралы қазақ талапкерлерге толық ақпарат берілді. Филиалымызда су ресустарын басқарудың жаңа инновациялық технологияларын меңгерген, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау 2+2 принципімен жүзеге асырылатыны,. Бітірушілердің екі университеттің дипломын алып шығалыны түсіндірілді. Алматыда оқуға ниет білдіргендер қатары аз емес», - дейді Абдурахим Сулейманұлы.

✅ Алматы қаласындағы Медеу ауданындағы «Бақытты отбасы» орталығында, Бостандық ауданының «Атакент» көрмесінде жүргізіліп жатқан кәсіби бағдар беру жұмысына қатысқан өкілдеріміз еліміздегі жетекші аграрлық оқу ордасының озық тәжірибелері жайлы ақпараттармен бөлісті. «Атакент» көрмесінде Әскери кафедра оқытушылары Латыпаев Р.А., Айтқулов Б.А. университет туралы буклеттер таратып, түлектердің қызықтырған сұрақтарына толықтай жауаптар қайтарды. Ата-аналармен жасөпсірімдердің мамандық таңдауы жөнінде ашық әңгіме өткізіліді.

✅ «Осы ауданға тікелей жауапты «Агробиология» факультетінің профессор-оқытушылары – Махмедова Б.Я., Балғабаев Ә.М., Абаева Қ.Т., Жаңбырбаев Е.А., Әбдірахымов Н.Ә., Жаманғараева А.Н., Кампитова Г.А., Сулейманова Г.А. т.б. әріптестеріміз белсенді жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өткіміз келеді», - дейді Қабылдау комиссиясының директоры Айнұр Қайырбаева.

✅ Осындай маңызды кәсіптік бағдар іс шарасы «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының аш.ғ.к. , қауымдастырылған профессорлары Қожабергенов А.Т., Искакова Ж.А., және аға оқытушы Исматуллаев С.Л. қатысуымен Алматы технологиялық-қаржы және инновациялық-техникалық колледжіне жүргізіліп, Университет пен колледж арасында ынтамақтастық меморандумына қол қойылды.

✅ «Ветеринария және Зооинженерия» факультетінің «Фармакология және жануарлар патологиясы» кафедрасының аға оқытушысы Қайырбек Умбетжанов Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл атындағы орта мектепте кездесуге қатысып, ҰБТ және қабылдау ережелері туралы және басқа да сұрақтарға жауап берді.

✅ Кездесулер барысында мектеп оқушылары оқу ордамызға қызығушылықтарын білдіріп, QR арқылы қойылған сауалнамаға жауап беріп, университет базасына тіркелді.

✅ Кәсіби бағдар беру іс-шаралары одан ары жалғасады.

KazNARU баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник