KazNARU — Қазақстанның Ұлттық аграрлық зерттеу университеті

KazNARU СТУДЕНТТЕРІ ALMA CUP 2025 МИНИ-ФУТБОЛЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ҚАТАРЫНДА

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің футболшылар командасы Алматы қаласының жасөспірімдер саясаты басқармасының қолдауымен өткен ALMA CUP 2025 мини-футбол турнирінде жүлдегерлер қатарынан көрінді.

✅ Жарысқа Алматы қаласындағы барлық жоғары оқу орындарының футбол командалары қатысып, өзара қызу бақ сынасты. Бұл турнирде жас спортшылар тек ойын шеберлігін ғана емес, сонымен қатар ұйымшылдықтарын, жеңіске деген жігер мен құлшыныстарын көрсетті.

✅ Турнирдің негізгі мақсаттары:

• Алматы жастары арасында денсаулықты өмір салтын насихаттау.

• Азаматтық және патриоттық тәрбие беру.

• Спорт арқылы жастардың әлеуметтік-денсаулық деңгейін көтеру.

• Спорттық таланттарды анықтау және қолдау.

✅ Аса тартысты ойын қортындысында "Тұран", "КазАСТ", "КазНПУ" және KazNARU командалары жеңіс тұғырына көтеріліп, жеңімпаздарға ALMA CUP - 2025 кубогы, медальдары, дипломдар және ақшалай жүлделер табыс етілді.

✅ Барлық жеңімпаздарды спорттағы жетістіктерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да мерейлі белестерден көріне беруіне тілектестік білдіреміз.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник