KazNARU — Қазақстанның Ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Galanz Bottlers (Макси-Чай) кәсіпорнына экскурсия

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Инженерлік технологиялар» факультетінің «Инженерлік технологиялар» факультеті «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының ТПРП-22-09К тобының студенттері үшін Қазақстандағы ірі сусын өндіруші компаниялардың бірі – Galanz Bottlers (Макси-Чай) кәсіпорнына экскурсия ұйымдастырылды.

Студенттерді жұмысшы мамандықтар және практиканы тиімді ұйымдастыру мақсатында қауымдастырылған профессор Қозықан Сабира, Жанат Искакова және оқу өндіріс шебері Руябза Дадашова бастап барды.

✅ Galanz Bottlers компаниясы 2012 жылы негізі қаланып, сол уақыттан бері жоғары сапалы сусындар өндірісі саласында өз орнын табып, нарықта танымал бола бастады.

Бастапқыда компания шағын өндіріс ретінде жұмыс істесе де, сапа мен инновацияға деген ұмтылысымен нарықта тез танылды. Компанияның өнімдері, ең алдымен, табиғи ингредиенттермен дайындалып, қазақстандықтардың талғамына сай келеді. Бүгінде 150-ден астам адам жұмыс істейтін компанияның ұжымында жергілікті мамандар мен білікті қызметкерлер жұмыс істейді. Бұл жергілікті экономикаға оң әсерін тигізіп, жұмыс орындарының көбеюіне ықпал етеді.

✅ Maxi Tea бренді 2014 жылы ел ішінде үлкен сұранысқа ие болып, өнімнің ерекше дәмі мен жоғары сапасы компанияның нарықтағы танымалдылығын арттырды. Қазіргі уақытта Galanz Bottlers өнімдері Қазақстанмен шектелмей, көршілес Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты елдерге де экспортталуда. Ккомпанияның өндірістік қуаттары негізінен Алматы облысында орналасқан. Өндіріс аясы кеңіп, 2018 жылы жаңа жұмыс орындары ашылып, күніне 200 мың бөтелке сусын шығаратын қуаттылыққа ие болды. Бұл көрсеткіш жыл сайын артуда.

✅ Өндіріс процесі жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған, толығымен автоматтандырылған, бұл өнімнің тиімділігін және сапасын тұрақты түрде қамтамасыз етеді.

Galanz Bottlers компаниясы жергілікті шикізатты пайдалануға ерекше көңіл бөледі. Өндірісте қолданылатын барлық ингредиенттер табиғи және экологиялық таза болып табылады, бұл өнімдердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

✅ «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» " кафедрасының оқытушылары мен білім алушылары мұндай практикалық іс-шаралар болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуына үлкен ықпал ететінін атап өтті.

KazNARU Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник