12 сәуір – ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
KazNARU МАҚТАНЫШЫ
СҮЛЕЙМЕНОВА НӘЗИЯ ШӨКЕНҚЫЗЫ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессоры, ауыл шаруашылық ғылымының докторы.
1944 жылы 27 сәуірде Талдықорған облысы, Бөрлітөбе ауданы, Сарықұрақ теміржол станциясында дүниеге келген.
БІЛІМІ: 1961 ж. Матай станциясындағы № 156 теміржол орта мектебін бітірді. 1961-1966 жж. Қазақ ауыл шаруашылығы институтының агрономия факультетінің топырақтанушы - агрохимик мамандығын бітірді. 1975-1977 жж. Қазақ ауылшаруашылық институтының «Егіншілік және тәжірибе іс әдістемесі» кафедрасының аспиранты.
ЕҢБЕК ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ: 1966-1968 жж. Жамбыл облысының аймақтық агрохимия зертханасында топырақтанушы және агрохимик қызметін атқарды; 1970-1984 жж. Қазақ ауыл шаруашылық институтының «Егіншілік және тәжірибелік іс әдістемесі» кафедрасының ассистенті; 1984 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтының «Егіншілік және тәжірибелік іс әдістемесі» кафедрасының доцент атағын алды; 2008-2011 жж. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Экология» кафедрасының меңгерушісі.
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ ЖӘНЕ АТАҒЫ: 1982 жылы «Егіншілік және тәжірибе ісінің методикасы» кафедрасында «Алматы облысының ортатаулы жағдайында жаздық арпаның ылғалмен қамтамасыздығы және ылғал жұмсауы» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады; 1996 жылы «Қазақстанның оңтүстік - шығысындағы егіншілікте арамшөптермен күресудің интеграцияланған жүйелерін жетілдірудің агроэкологиялық негіздері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады; 2011 ж. - қазіргі кезеңге дейін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасының профессоры.
МАРАПАТТАРЫ: 2020 ж. Еліміздің жоғары білімін дамытудағы ерекше еңбегі, жаңашыл идеялары, жаңа буын мамандарын даярлаудағы инновациялық тәсілі үшін "А.Байтұрсынов атындағы ордені; 2015ж. Университеттің "аграрлық білім, ғылым және өндірісті дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгісі; 2015 ж. ҚазҰАУ-ға 85 жыл алтын мерейтойлық медалі; 2014 ж. "Аграрлық ғылым мен білім беруді дамытуға қосқан зор үлесі үшін" РМАУ-АШМ медалі; 2014ж "ҚР ғылымын дамытудағы еңбегі үшін" төсбелгісі; 2013ж. "ҚР ғылымын дамытудағы еңбегі үшін" төсбелгіс; 2010 ж. ҚР БҒМ-нің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық байқауының жеңімпазы; 2009 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" мемлекеттік грантының иегері; 2005ж. "Қазақстан Республикасының Білім беру үздігі"; 2005 ж. ҚР Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері" медалі.
KazNARU Баспасөз қызметі