KazNARU — Қазақстанның Ұлттық аграрлық зерттеу университеті

12 сәуір – ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

✅ Қазақстан Республикасының Президентінің 2011 жылы 20 қазандағы Қаулысымен бектілген отандық ғалымдардың кәсіби мерекесі жақындап келеді.

✅ Бұл күн еліміздегі ғылыми қызметті ұйымдастырудың бастауында тұрған, Қазақ Ұлттық ғылым академиясының негізін қалаған және тұңғыш Презиеденті атанған белгілі ғалым-геолог, академик, ұлт мақтанышы Сәтбаев Қаныш Имантайұлының туған күнімен орайлас келіп отыр.

✅ Осы кәсіби мереке қарсаңында білім беру мен ғылымды ұштастыра отырып, ғылымды дамытуда айырықша еңбек сіңірген Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің прфессор-оқытушыларын таныстыруды жөн көріп отырмыз!

✅ Төл мерекелеріңіз құтты болсынІ

KazNARU Баспасөз қызметі

__________________________________________

АЛИХАНОВ ДЖАХФЕР МУЗАФЕРҰЛЫ

●1951 жылы Дағыстанда (Ахты ауылы) дүниеге келген, лезгин, техника ғылымдарының кандидаты, доцент. 1973 жылы Дағыстан политехникалық институтын «Автоматика және телемеханика» мамандығы бойынша бітірді. 1972-1978 жылдары "Дагдизель" және «Махачкалы машина жасау зауыттарында» реттеуші, инженер болып жұмыс істеді. 1979-1983 жылдары В.П. Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы инженерлері институтының күндізгі аспирантурасында 051307 «Автоматты басқару және реттеу, Технологиялық процестерді басқару» мамандығы бойынша оқыды. Ғылыми қызметкер – ҒЗЖ шаруашылық келісім-шарт тақырыбының жауапты орындаушысы болып жұмыс істеді.

●1983 жылы «Тұқымдық картопты түйнектердің морфологиялық белгілері бойынша сұрыптау процесін автоматтандыру» тақырыбы бойынша техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 1984-1989 жылдары Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент болып жұмыс істеді.

●1989 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде жұмыс істейді. 1989-2004 жылдары доцент. 2004-2014 жылдары кафедра меңгерушісі. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап «Энергия үнемдеу және автоматика» кафедрасының профессоры болып жұмыс істейді. Қазіргі уақытта «Энергетика және электротехника» кафедрасының қауымдастырылған профессоры болып жұмыс істейді.

●2010 жылдан бастап «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша РОӘК мүшесі. Факультет пен университеттің оқу-әдістемелік, ғылыми және қоғамдық қызметіне белсенді қатысады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету» мамандығының үлгілік және жұмыс оқу жоспарларын, пәндердің үлгілік оқу бағдарламаларын әзірледі. Өз білімін жетілдіру үшін үнемі жұмыс істейді. 3 оқулық, 5 оқу құралы, 150-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар, оның ішінде Скопус деректер базасына кіретін басылымдарда 8 мақала жарияланды. КСРО-ның үш өнертабысы, 8 ҚР патенті және 3 авторлық куәлік объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі бар. Хирш Индексі-4.

●Ғылыми қызметпен жемісті айналысады. 2011 - 2014 жылдары ҚР БҒМ-нің 055 бағдарламасы бойынша екі жобаның ғылыми жетекшісі болды: «IT - технологияларды пайдалана отырып, инкубациялық жұмыртқалардың сапа көрсеткіштерін анықтау үшін экспресс әдіс пен құрылғыны әзірлеу» және «Ақпаратты өңдеудің оптикалық-электрондық құралдарын пайдалана отырып, картоп түйнектерінің морфологиялық көрсеткіштерін анықтаудың экспресс әдісін әзірлеу». 2013 – 2015 жылдары «Суды жылытудың энергия үнемдейтін технологиясын негіздеу және автономды жылумен жабдықтау, ауаны тазарту және АӨК объектілеріндегі технологиялық процестер үшін реактивті жылу модулін әзірлеу» жобасының аға ғылыми қызмтекері. 2015-2017 жылдары ҚР БҒМ 217 бағдарламасы, 101 кіші бағдарламасы бойынша «Техникалық көру жүйесі негізінде жұмыртқаларды автоматты сұрыптауға арналған машинаны әзірлеу» тақырыбында жобаны басқарды.

●2018-2020 жылдары «Агроинженерия ҒӨО» ЖШС-мен бірлесіп «Шалғайдағы қой шаруашылығына арналған технологиялар мен машиналар жүйесін зерттеу және құру» ҚР АШМ БҒТБ іс-шарасының жетекшісі, 2020-2022 жылдары «Сапа көрсеткіштерін бұзбайтын бақылауға және санаттағы жұмыртқаларды автоматты түрде сұрыптауға арналған көпфункционалды машинаны әзірлеу» жобасының аға ғылыми қызметкері болды. ҚР ҒжЖБМ 2023-2025 жылдарға арналған AP19678983 «Алманың сапа көрсеткіштерін бақылау және тауарлық сорттарға автоматты түрде сұрыптау үшін цифрлық технологияны және шағын көлемді машинаны әзірлеу» жобасының жетекшісі болып табылады.

●Ғылыми жобаларды орындауға ақылы негізде шетелдік университеттердің ғалымдары, студенттер, магистранттар мен докторанттар тартылады. Үш PhD докторы мен 15 магистр дайындалды. Студенттік ғылыми жобалар ҚР БҒМ дипломдарымен марапатталды. Факультет пен университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысады, факультет кеңесінің, университеттің Ғылыми кеңесінің мүшесі болды. Университеттің ОӘК, техникалық мамандықтар бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі кеңестің, ОӘК мүшесі болып табылады. 2005 жылы «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник