KazNARU — Қазақстанның Ұлттық аграрлық зерттеу университеті

ТАЛАПКЕР ЖАСТАРДЫҢ ТАҢДАУЫ – KazNARU

✅ Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің өкілдері Алматы қаласындағы Бостандық, Медеу ауданы әкімдіктері ұйымдастырған«Келешек мамандығын таңда!» атты кәсіби бағдар көрмесінде колледж және жоғары сынып оқушыларымен кездесуді жалғастырды.

✅ «Атакент» көрме орталығының 10-павильон алдында «Бизнес және құқық» жоғары мектебінің аға оқытушылары Рысқұлбекова Б.Р. мен Елубаева А.С. және университетіміздің белсенді жастары кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізіп, тиісті ақпараттар таратумен айналысты. Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, іс-шараға бір мыңға жуық жас өрендер қатысты.

✅ Іс-шараға Әскери кафедраның оқытушылары да қатысып, талапкерлерді қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, әскери мамандықтар жайлы тиімді кеңестер берді.

✅ «Инженерлік технологиялар» факультетінің «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі Лаура Мамаева мен қауымдастырылған профессор Ақылжан Қожабергенов, оқу өндіріс шебері Руябза Дадашова және бір топ білім алушылар «Алматы экономикалық колледжіне» кәсіби бағдар жұмысытарын жүргізді. Университет пен Колледж арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

✅ Сондай-ақ, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде өткен кездесуге “Жалпы білім беру пәндері” кафедрасының аға оқытушысы Асқар Шардарбеков қатысып, жоғары білім беру саласындағы озық тәжірибелеріміз туралы пайдалы ақпаратпен бөлісті. Мектеп бітіруші оқушылар QR-код арқылы сауалнамаға жауап беріп, университет базасына тіркелді.

KazNARU баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник