KazNARU — Қазақстанның Ұлттық аграрлық зерттеу университеті

KazNARU ӨКІЛДЕРІ ӨҢІРЛЕРДЕГІ КӘСІБИ БАҒДАР ЖҰМЫСЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА

✅ Бүгін, 2025 жылғы 07 сәуірде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің өкілдері Алматы қаласындағы Медеу ауданы әкімдігі ұйымдастыруымен өткен «Келешек мамандығын таңда!» атты кәсіби бағдар көрмесіне қатысып, мектеп бітіруші жоғары сынып оқушыларымен кездесіп қайтты. Аудандық «Бақытты отбасы» Орталығының ғимаратында болған үлкен іс-шарада ауыл шаруашылығы мен экологиялық мамандықтарға арналған кәсіби бағдар көрмесі 200-ден аса келушілерді ерекше қызықтырды.

✅ «Қатысушыларға қазіргі таңда экология саласында тек қана қоршаған ортаны қорғау ғана емес, жаңа технологияларды әзірлеу, «жасыл» экономиканы дамыту, су ресурстарын басқару, дрондарды пайдалану сияқты университетімізде білім берудің жаңа стандарттары енгізіліп жатқаны түсіндірілді. Спикерлеріміз «Эколог – 21 ғасырдың ең танымал мамандығы» тақырыбында семинар өткізіп, карьералық өсу перспективалары туралы және жалпы университет жайлы тиісті буклеттер мен ақпараттар таратылды», - деді KazNARU «Экология» кафедрасының профессоры Бағлан Мұхамедова.

✅ Отандық аграрлық саладағы жетекші саналатын заманауи зерттеу университетінің экологиялық мониторинг құралдарымен жұмыс істеу, су сапасын талдау, өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу технологияларының жетістіктері таныстырылды.

✅ Сондай-ақ, KazNARU Қабылдау комиссиясының директоры Айнұр Қайырбаева бастаған мамандар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде өтіп жатқан «Study in Kazakhstan» көшпелі білім беру көрмесіне қатысып, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жалғастырды.

✅ «Жайық» мәдени-спорт кешенінде ұйымдастырылған «ҚР ҒжЖБМ талантты жастарды қолдау және жоғары білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында» атты көрмені Атырау облысы әкімінің орынбасары Шамұратов Дарын Дүйсембайұлы ашты.

Сөз сөйлеген Х.Досмухамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Идрисов Саламат Нұрмұханұлы, ҚР ҒжЖБ министрінің кеңесшісі Емелбаев Руслан Тоқтарбекұлы көрменің ұйымдастырылу мақсаты мен маңыздылығын атап өтті.

✅ Көрмеге 100 жуық ҚР ЖООлар мен 23 шетелдік университеттердің филиалдары қатысуда. KazNARU базасындағы «Ташкент ирригация және ауылшаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» ҰЗУ филиалы туралы бейне ролик көрсетіліп, екі дипломдық су саласы мамандарын даярлау жайында қосымша ақпараттар беріліп, түлектердің сұрақтарына толықтай жауаптар қайтарылды.

✅ Осындай маңызды іс шара Өскемен қаласының мектеп бітіруші түлектері үшін «Еуразия бірлескен қоғамының» ұйымдастыруымен С.Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан университетінің ғимаратында да өтуде. Оған университетіміздің атынан “Жалпы білім беру пәндері” кафедрасының аға оқытушысы Шардарбеков Асқар Кеңесұлы қатысып, аграрлық саланың білікті мамандарын жоғары деңгейде дайындаудағы озық тәжірибелеріміз туралы ақпаратпен бөлісті.

✅ Жоғары сынып оқушыларына жаңаша білім беру мүмкіндіктері, қабылдау ережелері мен гранттар, шетелдік серіктес университеттермен бірлескен бағдарламалар, «Дуалдық білім» жүйесі бойынша тәжірибе алу мүмкіндіктері т.б. толғандырған мәселелер түсіндірілді.

KazNARU баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник