KazNARU — Қазақстанның Ұлттық аграрлық зерттеу университеті

KazNARU ҒАЛЫМДАРЫ ҮНДІСТАНДЫҚ ПРОФЕССОР SUMANT VYAS ҚАТЫСУЫМЕН ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Ветеринария және Зооинженерия» факультетінің «Клиникалық пәндер» кафедрасында жергілікті зерттеуші ғалымдар Үнді мемлекетінен келген белгілі профессор Sumant Vyas қатысуымен ғылыми жоба бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

✅ Түйелерді асылдандыру және көбейту саласындағы халықаралық қауымдастыққа белгілі ғалым, Үндістанның Орталық құрғақ аймақты зерттеу институтының мал шаруашылығы және жайылымдарды басқару бөлімінің басшысы Sumant Vyas тәжірибе алмасу, зерттеу техникаларын меңгеру бойынша өзінің біліктілігімен бөлісуде.

✅ Университеттің Клиникалық зертханасында инновациялық заманауи жабдықтар және компьютерлік технологиялар оқу-зертханалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоғары деңгейде жасауға қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді. Білікті ғалымдар үлкен оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, білім беру жұмыстарын жүргізеді, сондай ақ ауыл шаруашылығы субъектілеріне нақты тәжірибелік көмек көрсетеді. Клиника жағдайында түйеге арнайы дайындаған тұрақ (раскол) және ультрадыбыстық құрылғылар бар.

✅ «Профессор Sumant Vyas Қазақстандық ғалымдарды түйеге ректалды зерттеу жүргізу, түйенің репродуктивтік органдарын ультрадыбыстық сканерлеу әдістерін үйретуде. Түйелердің репродуктивтік жүйесі туралы ақпараттар өте аз болғандықтан, бұл мәселе тереңірек зерттеуді қажет етеді. Бұл салада Үндістандық ғалымдардың үлкен тәжірибесі бар, атап айтсақ, түйелерді қолдан ұрықтандыру технологиясы, эмбриондарын көшіріп-қондыру технологиясын әзірлеу бойынша тәжірибелері мол. Біздер шетелдік әріптесімізге ризашылық білідреміз», - дейді «Клиникалық пәндер» кафедрасының профессоры Есенғали Үсенбеков

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник