GREEN STUDLIFE 2025 ЭКОФЕСТИВАЛІНЕ ҚОСЫЛ!
Құрметті студенттер мен оқытушылар!
2025 жылдың 5–15 сәуірі аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен өтетін GREEN STUDLIFE-2025 экологиялық фестиваліне белсенді қатысуға шақырамыз!
Бұл фестиваль – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды шара, онда әрбір студент табиғатты сақтауға өз үлесін қоса алады. Фестиваль барысында экологиялық мәдениетті дамытуға арналған түрлі қызықты және пайдалы іс-шаралар өтеді.
БАСТЫ ІС-ШАРАЛАР:
05.04 – “Таза өлке” акциясы.
«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатындағы бұл жалпыуниверситеттік "GREEN STUDLIFE-2025" экофестивалі "Шарын" шатқалы мен "Көлсай" көлдеріндегі экологиялық шарадан өз бастауын алады. Студенттер мен ұйымдастырушылар табиғат аясында сенбілік жасап, табиғатты қорғау туралы танымдық шара өткізеді.
07.04 – “Сен де қосыл!” акциясы, бос пластик бөтелкелерді жинау конкурсы.
Пластик – экологияға ең үлкен қауіп төндіретін қалдықтардың бірі. Осы шара аясында студенттер университет аумағында бос пластик бөтелкелерді жинап, белсенді қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталады!
08.04 – Факультеттердегі эко сағаттар.
Барлық факультеттерде экологиялық мәселелерге арналған "Табиғат - сенің қолыңда!" тақырыбымен интерактивті сағаттар өтеді. Бұл шарада экология мамандары мен оқытушылар студенттерге табиғатты қорғаудың ғылыми негіздері, қоршаған ортаның ластану себептері мен шешімдері туралы баяндап, қызықты деректермен бөліседі.
09.04 – “Экология - кино көзімен” кинокештері.
Студенттер экология тақырыбындағы қызықты әрі әсерлі фильмдерді тамашалайды. Фильмдерден кейін пікірталас ұйымдастырылып, қоршаған ортаны сақтау жолдары туралы ойлар талқыланады.
10.04 – “ZooAlmaty” жануарлар саябағына экскурсия.
Студенттер Алматыдағы ZooAlmaty жануарлар саябағына барып, ондағы жануарлар әлемімен танысады. Бұл шара жабайы табиғатты қорғау маңыздылығын түсінуге көмектесіп, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырады.
11.04 – “Табиғатқа қадам” эко-шығармашылық көрмесі.
Экология тақырыбында студенттердің шығармашылық жұмыстары көрмеге қойылады. Бұл көрмеде қайта өңделген материалдардан жасалған өнер туындылары, табиғат туралы суреттер, экологиялық жобалар таныстырылады.
14.04 – “ЭкопсихLOGIC: табиғатқа саналы көзқарас” тренингі.
Бұл тренинг экология мен психологияны ұштастырып, адамдардың табиғатпен үйлесімді өмір сүруіне қалай ықпал етуге болатынын түсіндіреді. Қатысушылар экологиялық ойлау, саналы тұтыну және табиғатпен байланысты нығайту жолдарын үйренеді.
15.04 – ЭКОФЕСТИВАЛЬ.
Фестивальдің жабылу салтанаты. Бұл күні өткізілген іс-шараларға шолу жүргізіп, арнайы қорытынды бағдарламамен аяқталады.
● Ұйымдастырушылар: Жастар ісі жөніндегі комитет
● Бізді қолдаушылар:
Халықаралық жасыл және тұрақты даму институты
“ЖАСЫЛ КАМПУС” жобасы
“ЖАСЫЛ ОФИС” жобасы
Агробиология факультеті
● Бұл мүмкіндікті жіберіп алма! Бізге қосыл!
●Достарыңмен бөліс! Қоршаған ортаны бірге сақтайық!
Біздің ресми парақшалардан жаңалықтарды бірінші болып біл:
@kaznaru_official
@life_kaznaru
@kaznaru_zhastary
●#KazNARU #СенДеҚосыл #GreenStudLife #kaznaru_zhastary #life_kaznaru
KazNARU Баспасөз қызметі