KazNARU — Қазақстанның Ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Open-day-KazNARU – СЕНІҢ БОЛАШАҒЫҢ!

✅ Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек мәдениет үйінде аудандағы мектеп бітіруші түлектермен бірге, есте қаларлық ерекше іс-шара болып өтті!

✅ «Бизнес және құқық» Жоғары мектебінің ұйымдастыруымен университетіміздің белсенді студент жастары кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.

✅ Олар QS әлемдік рейтингінде қазақстандық жоғары оқу орындары арасында бесінші, Орталық Азия жоғары оқу орындары арасында алтыншы орынға көтерілген оқу ордамыздың заманауи зерттеу университетіне айналудағы басты жетістіктермен таныстырды.

Қатысушыларға білім бағдарламалары туралы бейне роликтер көрсетіліп, қосымша ақпараттық парақшалар таратылды. Студенттер күшімен ұйымдастырылған тамаша ән-жыр мен би нөмірлері жастарға позитив сыйлады.

Бұл шараға аудан мектептерінен 250 түлек қатысты!

●Шелек мектеп-гимназиясы

●А.Молдағұлова атындағы орта мектеп

●Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектеп

●Б.Кенжебаев атындағы мектеп

●Қ.Бижанов атындағы орта мектеп

●Розыбакиев атындағы мектеп

✅ Жас түлектер!

KazNARU-мен бірге арманыңды жүзеге асыр!

●Мамандық таңдау – маңызды қадам!

●Жастарға бағыт-бағдар беру – біздің мақсатымыз!

●Білікті маман, табысты тұлға болғың келсе – KazNARU-ды таңда!

●Болашаққа бірге қадам басайық!

#OpenDayKaznaru #СеніңБолашағың #БизнесЖәнеҚұқық #КәсібиБағдар #ЖастарДамуы

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник