АГРОӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТАТЫН ОРТАЛЫҚ
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған Қазақстан – Ресей озық технологиялар орталығы ашылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Ресей Ғылым академиясы және жетекші ғылыми зерттеу институттарымен бірлесіп ашылған орталық екі елдің ғылыми зерттеу инс¬¬титуттарымен тығыз ын¬тымақ¬тастықта жұмыс іс¬тейді. Онда ғалымдар тәжі¬ри¬бе алмасып, инновациялық ше¬шім¬дер әзірлеумен айналысады. Ма¬мандардың пікірінше, орталық ауыл шаруашылығына жо¬ғары технологиялық тәсілдерді енгізуде бірегей платформаға айналады.
Орталықтың ашылу салтанатында Президент жанындағы Ұлттық ғылым академия-сының президенті А.Күріш¬баев, Ресей Ғылым академиясының вице-президенті П.Чекмарёв, Ресейдің Қазақстандағы елші¬лігінің кеңесшісі Д.Десов құттықтау сөз сөйлеп, екі елдің ғалымдары ортақ жобаның таяу болашақтағы мүмкіндіктері туралы пікірлерімен бөлісті.
«Екі елдің географиялық жақындығы өзара тиімді эко¬номикалық және сауда қаты-настарының дамуына ықпал етеді. Бізде табиғи-климаттық жағдайлар мен экономикалық мүдделер ұқсас. Бұл аграрлық секторда ынтымақтастық үшін тиімді мүмкіндік туғызады. Қазақстан мен Ресей үлкен табиғи ресурстарға ие бола отырып, жаһандық азық-түлік қауіпсіз-дігін қамтамасыз етудегі негізгі ойыншылар саналады. Осыған байланысты аграрлық сектор саласындағы ынтымақтастық табиғи ерекшелігімізді ескере отырып, азық-түлік өндірісін ұлғайтуға ғана емес, сонымен қатар аграрлық саладағы технология¬лық үдерісті жеделдетуге, ауыл шаруашылығын жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік береді. Ресей Ғылым академиясы – ғылы¬ми және технологиялық салаларда ынтымақтасатын жақын және сенімді серіктес. Біздің ынтымақтастығымыз өзара сенім мен ортақ мақсаттарға ұмтылу¬ға негізделген, бұл даму мен ны¬ғайтуға ықпал етеді», деді ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев.
Агроөнеркәсіп кешені орта¬лығында ауыл шаруашылығы дақылдарының геномдық селекциясы саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулері мен жобаларды дамытып, өнімділігі жоғары және климаттың өзгеруіне және ауруларға төзімді жаңа сорттар жасаумен қатар сорт сынақ¬тарын жүргізеді. Сондай-ақ мұнда генетикалық модификацияның озық әдістерін әзірлеп, тұрақ¬ты және экологиялық таза өнім¬дер жасау үшін биотехноло¬гияларды пайдалануға қатысты зерттеу жұмыстары іске асады. Сонымен қатар ғалымдар ауыл шаруашылығының тиімділі¬гін арттыру үшін инновациялық технологияларды енгізу мақса¬тын¬да агроөнеркәсіптік кешен¬де цифрлық технологияларды дамытып, оның ішінде монито¬ринг жүйелері, автоматтандыру және оңтайлы шешімдер қабылдау үшін үлкен деректерді талдауға қатысты жобаларды да жүзеге асырады.
ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН
Эльвира Серікқызы
04.04.2025
https://egemen.kz/article/384747-agroonerkasipti-damytatyn-ortalyq