KazNARU — Қазақстанның Ұлттық аграрлық зерттеу университеті

KazNARU-ға ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ PhytoResearch Co. Ltd КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ КЕЛДІ

✅ 2025 жылғы 3 сәуірде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Халықаралық қатынастар және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Рафис Абазов Оңтүстік Кореяның PhytoResearch Co. Ltd. ауыл шаруашылығы корпорациясының басшыларымен кездесті.

✅ PhytoResearch Co.Ltd. компаниясының Бас директоры Ким Ёнджун және атқарушы директор Бэк Джухён бастаған делегация мүшелері биотехнология және өсімдік шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан ары тереңдету, ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесе жүргізу, өндіріс саласында қолдану мәселесін талқылады.

«PhytoResearch Co.Ltd. корпорациясы ауыл шаруашылығындағы жаңа биотехнологияларды әзірлеуге және практикалық тұрғыдан енгізуге маманданған. Қазіргі заманғы өсімдік тіндерін өсіру әдістерін қолдана отырып, вируссыз көшеттерді өндірумен айналысатын корпорацияның инновациялық жаңалықтары Қазақстандағы ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының дамуына ықпал етеріне сенімімз мол», - дейді Бас директор Ким Ёнджун.

✅ Тараптар өсімдік тіндерін өсіру технологияларының Қазақстандағы қазіргі жағдайы мен даму перспективалары; вируссыз көшеттер өсіру және бағалы өсімдік ресурстарын сақтау саласындағы ғылыми ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін қарастырды.

✅ Сондай-ақ, Алматыда Өсімдік тіндері зертханасын құру, көшет өндіру, орман екпелері мен ауыл шаруашылығы дақылдарына арналған екпе материалдарын отырғызуға деген сұранысты талдау жағдайына ерекше назар аударылды.

✅ Нәтижесінде екі жақ биотехнология және өсімдік шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейде дамыту және бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру жөнінде келісімге келді.

✅ Кездесуге KazNARU Ғылым департаментінің директоры Ахметжан Сұлтанов, «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультетінің деканы Дани Сарсекова, Өсімдіктерді микроклоналды көбейту зертханасының жетекшісі Қуаныш Қасен, Сүт өнімдерінің референттік зертханасының жетекшісі Жаннұр Ниязбекова және зертханалардың жетекші ғалымдары қатысты.

KazNARU Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник