KazNARU — Қазақстанның Ұлттық аграрлық зерттеу университеті

KazNARU ҰЖЫМЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІ «ТАЗА УНИВЕРСИТЕТ – ТАЗА БОЛАШАҚ!» АТТЫ СЕНБІЛІКТЕ

✅ 2025 жылдың 1 сәуірінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ұжымы мен профессор-оқытушылар құрамы, студенттері басшылықтың бекіткен Жоспары бойынша «Таза университет – таза болашақ!» атты сенбілікке белсене қатысты.

✅ «Халқымыз «Сәуір болмай – тәуір болмайды» деген ғой. Көктемнің алтын күрек самалымен бірге айналамызды қоршаған ортаға жаңару мен жылылық шуағы тарады. Енді міне, бүгінгі сенбілік сол – университетіміздің инфрақұрылымдарына ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, студент жастар арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу және жеке экологиялық тазалықтарды іске асыруға арналып отыр», - дейді Басқарма төрағасы-Ректордың бірінші орынбасары Пірімқұл Ибрагимов.

✅ «Таза университет – таза болашақ!» деген девизбен өткен шараға KazNARU әкімшілік қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы мен 500-ден астам студент қатысты.

Ректораттың 30.03.2025 жылғы №45-Б бұйрығы негізінде:

✔ Факультет бойынша 32 топ құрылды (әр факультеттен 4 топ);

✔ Әр топқа анықталған аумақтар бекітілді;

✔ Қауіпсіздік техникасының арнайы нұсқаулығы таратылды.

✅ Ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану басқармасының басшысы Е.Құттықсеитов сенбілікке қатысушыларды тиісті техника, құрал-жабдықтармен (күрек, тырма, шелек, қолғап т.б.) толықтай қамтамасыз етті. Сенбілікке шыққан барша жұрт оқу ғимараттары мен жатақханалардың алдын, гүлзарларды қысқы қоқыстардан тазартып, ағаштарды әктеді. Бас ғимараттан бастап, барлық факультеттердің ішкі аулалары, Орталық стадион, көгалдандырылған аймақтар тазартылды, құрғақ ағаш бұтақтары мен өсімдік қалдықтары жиналды.

✅ Еске сала кетейік, Наурыз мерекесіне орай өткен аптада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің» Бизнес және құқық» жоғары мектебінің бітіруші түлектері университет аумағында «Түлектер аллеясын» отырғызған болатын. Бұл – тек ағаш егу ғана емес, білім алушылардың өздері оқыған оқу ордасына деген ізгілікке толы құрметі мен сүйіспеншілігінің белгісі.

✅ Игілікті істер ізгілікпен жалғасуда.

✅ Туған Университетіміз жаңғырып жасарып, гүлденіп, көркейе берсін!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник