“Ағылшын тілін үйренудің тиімді жолдары” тақырыбында өткізілген семинар-тренинг
Университетімізде 04.12.2025 күні ағылшын тілін үйренудің тиімді әдістеріне арналған «Effective ways of learning English» атты семинар-тренинг өткізілді. Шақырылған спикер– «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Аударма және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының профессоры, PhD доктор Асанова Гульнар Сайрамбекқызы ағылшын тілін меңгерудің коммуникативтік, жобалық және иммерсивті тәсілдері туралы құнды ақпарат берді.
Семинар барысында студенттер сөйлеу, тыңдалым, сөздік және академиялық дағдыларды дамытуға бағытталған интерактивті тапсырмалар орындап, жаңа білім мен тәжірибе жинады.
Ұйымдастырушылар: ағылшын тілі пәнінің оқытушылары А.Б. Кашкеева, А. Даулетова.


