KazNARU — Қазақстанның Ұлттық аграрлық зерттеу университеті

ХАБАРЛАНДЫРУ! «ҚазҰАЗУ» КЕАҚ ӘСКЕРИ КАФЕДРАСЫ конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар қабылдаудың басталуы жөнінде хабарлайды.

ҚҰЖАТТАР

2025 жылғы 01 АҚПАННАН БАСТАП 01 МАУСЫМҒА дейін

күнделікті сағат 8.00-ден 16.00-ге дейін қабылданады

(сенбі, жексенбі – демалыс)

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін:

- көрсетілген кезеңде Алматы қаласы, Абай даңғылы, 28/1 (С.Сейфуллин даңғылының қиылысы) мекен-жайы бойынша орналасқан (ҚазҰАЗУ 12-оқу ғимаратына) №15 кабинетке әскери кафедраға келу қажет.

 

✅ Өзімен бірге болуы тиіс:

1. Жеке куәлік (электронды нұсқада e-Gov жеке кабинетінде);

2. Сотталмағаны туралы анықтама;

3. Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ЦОН) (немесе электронды нұсқада e-Gov жеке кабинетінде) әскери есепте тұрғаны туралы анықтама;

4. Факультетін және мамандығын көрсете отырып, деканаттан университетте нақты білім алуы туралы анықтама;

5. 3х4 өлшеміндегі фотосурет;

6. Жеке істі рәсімдеуге арналған екі файл.

 

✅ Құжаттар:

- запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша оқу үшін – тек 1 курс студенттерінен (ұлдар), сондай-ақ Ветеринария және зооинженерия факультетінің 2 курс студенттерінен (ұлдар және қыздар);

- запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша оқу үшін – 2 курс студенттерінен және Ветеринария және зооинженерия факультетінің 3-курс студенттерінен (ұлдар) қабылданады.

 

✅ ҚазҰАЗУ әскери кафедрасында оқуға келісімшарт жасаған әскери кафедрасы жоқ келесі аталған жоғары оқу орнының студенттері әскери кафедрада оқуға қабылданады:

1) Еуразия технологиялық университеті;

2) Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті;

3) Алматы технологогиялық университеті;

4) «Кайнар» университеті;

5) КИМЭП;

6) «Туран» университеті.

 

✅ Басқа жоғары оқу орнының студенттері тек ақылы негізде ғана оқи алады.

 

✅ Әскери кафедрада оқу:

- запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша (мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде)

- запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша (тек ақылы негізде) жүзеге асырылады.

 

✅ Әскери кафедрадағы оқу мерзімі:

запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша – 2 жыл;

запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша – 1 жыл.

 

✅ Медициналық комиссиядан өту тәртібі әскери кафедрада өтініш берген сәтте түсіндіріледі.

Анықтама телефондары:

237-79-18 – әскери кафедра бойынша кезекші;

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник