KazNARU БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Агробиология» факультетінің «Топырақтану және агрохимия» мамандығы бойынша оқитын 4-ші курс студенттері Елиза Бағди, Арайлым Қалдаяқ және магистрант Перизат Аблаисова ғылыми-білім беру мекемелері арасында өткен Халықаралық конкурсқа қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Қатысушылар Ұлттық ғылыми және инновациялық зерттеулер академиясы (NACSIR) ұйымдастырған «Жылдың үздік жас ғалымы 2025» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Ғылыми жұмыстар «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасының профессоры Жаппарова Айгүл Абсултанқызының жетекшілігімен орындалды.
Студенттеріміз бен магистранттарымыздың халықаралық көлемдегі беделді конкурстарда үздік жетістіктерге жетіп, белсенділікпен ғылыми ортада танылуы – заманауи университетіміздегі жаңаша білім беру мен ғылымға баулудың жоғары деңгейде жүргізілетінін көрсетеді.
Университетіміздің абыорйын асқақтатқан жастарымыз бен олардың жеткеші ұстазын мерейлі жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа шығармашылық жетістіктер тілейміз!
KazNARU Баспасөз қызметі