РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСІ - ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІСІ БОЛЫП ӨТТІ
2025 жылдың 25 сәуірінде «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» және «Ветеринария» кадрлар даярлау бағыттары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі – Оқу-әдістемелік бірлестігі – Жобаларды басқару тобының кеңейтілген мәжілісі онлайн /оффлайн форматта болып өтті.
Алқалы жиынға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Көбенова Гүлзат Исбасарқызы және ҚР АШМ Аграрлық ғылым және білім департаментінің директоры Сұлтан Айхан, ҚР АШМ Ұлттық аграрлық ғылыми білім орталығы Басқарма Төрағасының орынбасары Айнабеков Ержан Тоқтасынұлы қатысты.
Сондай-ақ, кеңеске онлайн форматта 100-ден аса, офлайн форматта 45 ОӘБ-ЖБТ мүшелері, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының оқытушылары, ғылыми зерттеу институттары мен өндіріс орындарының өкілдері қатысты.
Кеңес отырысын KazNARU Басқарма Төрағасы - Ректордың Бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы ашып, өз сөзінде Қазақстандағы аграрлық білім мен ғылымды дамытудың өзекті мәселелеріне тоқталып өтті.
Бүгінгі күн – жаңа көзқарастарды, тың шешімдер мен кәсіби бірлікті талап ететін ерекше кезең. Қазіргі таңда аграрлық сала мамандарын сапалы даярлау – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне, ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігіне және өңірлердің тұрақты дамуына тікелей әсер етеді.
«Сала талаптарына сай білім беру бағдарламаларын жаңарту ең алдымен, жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар мен жұмыс берушілер арасындағы тығыз әріптестікке байланысты. Бұл бағытта Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі – Оқу-әдістемелік бірлестігінің рөлі ерекше. Әдістемелік үйлестіру, үздік тәжірибе алмасу және академиялық ортаны дамыту жұмыстары осы алаңда жүзеге асады. Бүгінгі отырыс аграрлық салада сапалы әрі жүйелі өзгерістерге бастар тағы бір нақты қадам болады деп сенемін. Баршаңызға табысты жұмыс, нәтижелі пікір алмасу және жаңа кәсіби идеялар тілеймін», - деді Пірімқұл Шолпанқұлұлы.
ҚР ҒжЖБ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова кеңесте талқыланған мәселенің бүгінгі таңда өте өзекті екенін атай отырып, жасалатын ұсыныстар мен тың кәсіби идеялардың ауыл шаруашылығы ғылымын дамытудағы маңыздылығын атап өтті. Сапалы да білікті мамандар даярлау барысында ЖОО-лар мен жұмыс берушілердің үнемі тығыз қарым-қатынаста болуын назарда ұстауды міндеттеді.
ҚР АШМ аграрлық ғылым және білім департаментінің директоры Сұлтан Айхан «Агроөнеркәсіп үшін кадрлар даярлау» тақырыбында сөз сөйлеп, бұл елдің болашағына тікелей әсер ететін аса маңызды фактор екеніне тоқталды және осы бағытта мемлекет тарапынан жүйелі шаралардың қолға алынып жатқанын жеткізді.
Пленарлық отырыста «Сапалы аграрлық білім - қазақстанның тұрақты дамуының кепілі» атты тақырыпта ЖОО оқытушылары мен жұмыс берушілердің баяндамалары тыңдалып, қызу талқыланды.
Пленарлық отырысты ОӘБ Кеңесінің Төраға орынбасары, KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректордың орынбасары Абдыров Айтжан Мұхамеджанұлы жүргізіп отырды. Сондай-ақ, ол «Қазақстанда жоғары аграрлық білім беру сапасын арттыру жолдары» тақырыбында баяндама жасады.
Айта кетейік, Оқу-әдістемелік бірлестік құрамында «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» кадрларын даярлайтын 24 жоғары оқу орнынның, 20 ғылыми зерттеу институты мен 50-ге жуық өндіріс орнының және 9 шетелдік ЖОО-ның оқытушылары бар. Аграрлық саланың бес бағыты бойынша: «Агрономия», «Мал шаруашылығы», «Балық шаруашылығы», «Ветеринария», «Орман шаруашылығы», «Су ресурстары және суды пайдалану» және «Агронженерия» секциялары жұмыс жүргізеді.
Арнайы тақырыптар бойынша – KazNARU Халықаралық қатынастар мен стратегиялық даму проректоры Абазов Рафиз Фанисұлы, Цифрлық офицер Оразалина Зауре Замангазықызы, «Байсерке Агро» агрохолдингінің директоры Төкенова Бакытгүл Асылбекқызы, «Заречное» Ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС-нің ғылыми хатшысы, а.ш.ғ.к., қауымдастырылған профессор Түлкібаева Сания Абилтайқызы, «Алель Агро» АҚ персоналды оқыту және дамыту жөніндегі басшысы Ниязбеков Нұрмахан Сарсенұлы, «Alageum Electric» компаниясының HR-директоры Ли Наталья, "Қазгипроводхоз жобалау институты" ЖШС Бас директорының орынбасары Клочко Вадим Юрьевич, "Қазақ орман орналастыру кәсіпорыны" РМҚК жетекші маманы Шарипов Мұрат Халматұлы, Ж.Жиембаев атындағы ҚазӨҚжК ҒЗИ ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары, б.ғ.к. Оспанов Әлібек Маратұлы, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ қауымдастырылған профессоры, а.ш.ғ.к. Байтеленова Әлия Әскерқызы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, "Ветеринария және Агротехнология" институтының доцент м. а., PhD Қалиева Ләйла Темирбекқызы сөз сөйлеп, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.
Спикерлер аграрлық ғылымды реформалау барысындағы өзгерістерді ортаға салып, агросектор үшін кадрлар даярлау бойынша білім беру жүйесін дәйекті және жүйелі жаңғыртудың қажеттілігін атап өтті.
Оның ішінде су шаруашылығы, ветеринария, агроинженерия үшін білікті мамандарды дайындаудағы проблемалар мен шешімдер, оқу процесінде жасанды интеллекті пайдалану, сүт өндірісін тұрақты дамыту саласындағы кәсіпорындардың құзыреттерін арттыру, дуальды білімді дамыту, орман және өсімдік шаруашылығын тұрақты басқару, фитосанитарлық қауіпсіздікті сақтау, шетелдік білім беру жүйесіне ықпалдастыра отырып, білім беру бағдарламаларын модельдеу сияқты аса күрделі тақырыптар қамтылды.
Кеңес мүшелері күн тәртібінде жоспарланған сұрақтар толық және жан-жақты талқыланған соң, тиісті шешімдер қабылдады.
KazNARU Баспасөз қызметі