МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ТАҚЫРЫБЫНДА АКАДЕМИЯ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2025 жылғы 25 сәуірде Ақтау қаласында, «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» тақырыбында ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Президиумының көліктік логистиканы ғылыми сүйемелдеу және ел экономикасының инновациялық дамуындағы өңірлік ғылымның рөлі мәселелеріне арналған кезекті көшпелі отырысы өтті.
Академия президенті А.Күрішбаев алғы сөзінде, дәстүрлі мұнай-газ секторымен қатар Маңғыстау облысының көлік логистикасы, ауыл шаруашылығы және туризм саласындағы перспективаларын көрсете отырып, талқыланатын тақырыптардың маңыздылығын атап өтті. Өңірдің қолайлы географиялық жағдайын ескере отырып, көлік дәлізін кеңейту және Қазақстанды халықаралық көлік хабына айналдыру стратегиялық міндетке айналғанын тілге тиек етті.