KazNARU

KazNARU ОҚЫТУШЫСЫ ТҮРКИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕССТЕ СЕРТИФИКАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ

2025 жылғы 28-30 сәуір аралығында Түркия мемлекетінің Niğde қаласында NIĞDE Ömer Halisdemir Üniversitesi «Ауылшаруашылық» факультетінің деканы профессор Dr. Ahmet Şekeroğlu ұйымдастыруымен офлайн/онлайн форматта "Congress of International Agriculture - Food Science and Technology Journal (TURJAF)" атты халықаралық конгресс болып өтті.

✅ 1992 жылдан бастап ашылған жаңа ЖОО-лар қатарында Ömer Halisdemir Üniversitesi жетекші аграрлық-техникалық оқу ордасы болып табылады. Бүгінде университетте 10 факультет, 3 жоғары мектеп, 6 кәсіптік жоғары мектеп, 4 ғылыми институт және бір консерватория жұмыс істейді.

✅28 мыңдай студент білім алатын университетте «Ауылшаруашылық» факультеті жоғары білікті мамандар даярлауда, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде алда келеді. Факультет деканы профессор, Dr. Ahmet Şekeroğlu халықаралық ғылыми қауымдастыққа аса танымал ірі ғалымдардың бірі.

✅ Екі күнге созылған TURJAF халықаралық конгрессіне арнайы шақырумен қатысқан KazNARU "Ветеринария және зооинженерия" факультетінің "Фармакология және жануарлар патология" кафедрасының аға оқытушысы, PhD Мыржиева Әсем Бекболатқызы шетелдік ұйымдастырушы ретінде сөз сөйлеп, қатысушыларды университетіміздегі соңғы ғылыми инновациялық жаңалықтармен, оның ішінде су шаруашылығы дрондарымен таныстырды.

✅ Конгресстің алқа төрағасы тарапынан PhD Әсем Мыржиева тақырыптық тамаша лекциясы және дрондар туралы инновациялық жаңалығы үшін арнайы Сертификатпен марапатталды.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник