KazNARU ЖАЙДАРМАНШЫЛАРЫ – ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА!
2025 жылдың 30 сәуірі күні «Тұран» университетінде өткен «Ректор кубогы» үшін Jaidarman ойындарына Алматы қаласының жоғары оқу орындарынан 16 команда қатысып, бақтарын сынады. «Жүзден-жүйрік, мыңнан-тұлпар» шыққан бес команда шешуші финалға жіберілді.
Олар – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «AGROMIX», Спорт және туризм академиясының «КazAST», Тұран университетінің «Н2О», «TUPANDOT», Көлік және логистика академиясының (ALT) «Алтындар» командалары өнер сайысына үлкен дайындықпен келгендерін көрсетті.
Көрерменін күлдіре отырып, салмақты ойларымен, мазмұнды әзілдерімен ерекшеленген KazNARU командасы «AGROMIX» чемпион атанып, Ректор кубогымен және қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Команда мүшелері: "Орман шаруашылығы және жер ресурстары" факультетінің студенттері Ернұр Сәдібекұлы, Диас Қуатбеков, Ерасыл Мырзаханов, Ринат Қадірберді және "Бизнес және құқық" жоғары мектебінің студенттері Есбол Нариман, Дамир Ерланұлы және университетіміздің түлегі Аманжол Байтілесов.
Өнер жарысында университет абыройын биікке көтерген «AGROMIX» жайдарманшылар командасын жеңістерімен құттықтаймыз және әрқашан сәттіліктер тілейміз!
KazNARU Баспасөз қызметі