KazNARU – ТАЛАПКЕР ЖАСТАРДЫ БОЛАШАҚҚА БАСТАЙДЫ
АҚЫЛБЕК КҮРІШБАЕВ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры, академик,
ҚР Президенті жанындағы ҰҒА президенті
Ғасыр белесіндегі университет
Ел болашағы зерделі, білімді, білікті жастардың қолында. Бұл өмірдің бұлжымас қағидаты. Жастардың жан-жақты терең білім алып, кемелденуі – ұлттың келешек тағдырын анықтайды. Жастар аға буынның жеткен жетістіктерін одан ары дамытып, елдің өркендеуіне үлкен үлес қосатын зор әлеуметтік күш. Мемлекеттің рухани тірегі, осы стратегиялық ресурсын дайындайтын жоғары оқу орындарының орны мен рөлі ерекше. Отандық үздік оқу орындарының көш басында – жүз жылға жуық бай шежіресі бар Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті тұр. Бүгінге дейін аграрлық білім ұясынан 160 мыңнан астам маман түлеп ұшты, біз оларды мақтан тұтамыз. Олардың арасынан Премьерминистрлер, Үкімет мүшелері, облыс әкімдері, Парламент депутаттары, белгілі кәсіпкерлер, 30-дан аса Еңбек Ері мен Кеңес Одағының батырлары шықты. Көптеген университеттер мұндай жетістіктермен мақтана алмайды.
Менің өзім де осы қара шаңырақтың түлегімін. 1983 жылы «Агрохимия және топырақтану» мамандығы бойынша үздік бітіріп, В.Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ҒЗИ базасында лаборанттан бастап, Ауыл шаруашылығы министрі, бүгінде ҚР ҰҒА Президентіне дейінгі қызметтік баспалдақтардан өттім. Соның бәрінде осы университет қабырғасында жүріп алған білімім, тәлім-тәрбием мен тәжірибем темірқазықтай жолбасшы болды. Бізді таңдаған талапкерлер арасынан да ертеңгі күні ауыл шаруашылығының білікті маманы, ел басқаратын әкім, министр, депутаттар шығатынына кәміл сенімдімін......
Толығырақ: Республикалық педогикалық журнал - №73