ЖҮЛДЕДЕН КЕЙІН ЖҮЛДЕ: Kaz NARU XVII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
2025 жылдың 21-22 сәуірінде С.Торайғыров Университетінде Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің базасында "Орман ресурстары және орман шараушылығы" білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттері арасында өткен XVII Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті бірінші орынды жеңіп алды.
Дүбірлі Олимпиада бәсекесіне Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті; - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті; - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агрпрлық техникалық университеті;- Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті (Семей қаласы); - Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті; - Ш.Уалиханов атындағы мемлекеттік университетінің (Көкшетау қаласы) "Орман ресурстары және орман шараушылығы" БББ бойынша үздік нәтиже көрсеткен талантты студенттері қатысты.
Республикалық пәндік олимпиадаға қатысу дегеніміз – университет қабырғасында жүрі алған өз біліміңді, қабілеттіңді өзгелерге таныту және сынақтан өту, қиындықтарды жеңуді үйрену және өзің сияқты талантты жаңа достармен, болашақ әріптестермен танысуға таптырмас мүмкіндік.
Олимпиада қазақ, орыс тілінде екі кезеңмен өткізілді:
Бірінші айналым - тест тапсырмалары;
Екінші айналым- теориялық және практикалық (ситуациялық, зертханалық) тапсырмаларды шешу.
Қазылар алқасының шешімімен 6В08301 - KazNARU "Орман ресурстары және орман шаруашылығы" БББ бойынша Аяжан Рамазан 1-орын иеленіп, І ші Дәрежелі диплом және Смарт-сағат алу сертификатымен марапатталды. 3-курс студенттері Бірханым Нұрқожа, Әйгерім Азатхан аранйы сертификат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жалпы командалық есеп бойынша – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті І орынға ие болды.
Республикалық пәндік олимпиадада үздік көрсеткішке жеткен команда дайындағаны үшін KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректоры Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы С.Торайғыров Университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Нұрлан Медетовтің Алғыс хатымен марапатталды.
Сондай-ақ, олимпиадағы қатысушы жүлдегерледің ғылыми жетекшісі, "Орман ресурстары, аңшылықтану және балық шаруашылығы" кафедрасының профессоры, э.ғ.д. Абаева Кұрманкүл Тулеутайқызы І дәрежелі диплом және Алғыс хатқа ие болды.
Олимпиадағы қатысушылар TOU аумағындағы өткізілген "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына қатысып, "Ертіс орман" резерватының туризм және эко-ағарту бөлімінің қызметкерлерімен бірге 100 түп жеміс-жидек ағаштарының көшетін отырғызды.
Университет мерейін асқақтатқн барлық жеңімпаз студенттер мен олардың жетекшілерін жеңісті белестерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілейміз!
KazNARU Баспасөз қызметі.