KazNARU — Қазақстанның Ұлттық аграрлық зерттеу университеті

KazNARU және Малайзиядағы Паханг университеті: АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ

✅ 2025 жылғы 25 сәуірде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің басшылығы инженерия, технология және ақпараттық ғылымдар саласындағы оқыту бағдарламаларының кең спектрін ұсынатын жетекші техникалық жоғары оқу орны – Малайзиядағы Паханг университетінің (UMP) делегациясымен кездесті.

Сапардың мақсаты – аграрлық сектордағы көшбасшы KazNARU жетістіктерімен танысу, білім беру байланыстарын нығайту, екі университеттің арасында ғылыми зерттеулер, білім алушылар үшін бірлескен бағдарламалар және тәжірибе алмасу саласындағы өзара ынтымақтастықты тереңдету.

✅ KazNARU Басқарма Төрағасы - Ректордың бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы малайзиялық қонақтардың бұл сапары білім беру сапасын арттыруға, ғылыми зерттеулерді дамытуға және білікті мамандар даярлауға бағытталған екі университет арасындағы көпжылдық әріптестіктің жарқын көрінісі екенін атап өтті.

✅ «Біз Малайзиядағы Паханг Университетімен қарым -қатынасымызды одан ары дамытуға дайынбыз. Бұл ынтымақтастық біздің университеттеріміз арасындағы елеулі халықаралық өзара байланыстарды нығайтып, ақпараттық технологиялар мен цифрландыруды ілгерілету аясындағы бірлескен жұмыстарды жаңа деңгейде іске асыруға және біздің ғалымдарымыз үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады», - деді Пірімқұл Шолпанқұлұлы.

✅ Өз кезегінде UMP вице-канцлері, Ректоры профессор, Dr. Ятима Алиас ғылыми және мәдени өзара ынтымақтастықты нығайтудың аса маңыздылығын атап өтті. Ол өз сөзінде екі елдің студенттері үшін жоғары сапалы білім беру тәжірибесін құруға ықпал ететін UMP жетістіктері мен бастамаларын ұсынды.

✅ «2002 жылы құрылған біздің университет студенттерді жаһандық сын-қатерлерге дайындау үшін жоғары сапалы білім мен зерттеулерді қамтамасыз етуге бағытталған. UMP оқу қызметінің маңызды бөлігі инженерия мен технологиядағы инновациялық зерттеулерді, әзірлемелерді ынталандыру болып табылады. Біз өз ғалымдарымызға өнеркәсіпке енгізілетін жаңа технологиялардың дамуына ықпал ететін зерттеу жобаларына белсенді қолдау көрсетеміз. UMP-дегі оқу бағдарламаларына бакалавриат пен магистратура, сондай-ақ докторантура бағдарламалары кіреді. Студенттер машина жасау, электротехника, химиялық инженерия, ақпараттық технологиялар, өнеркәсіптік басқару және басқа да көптеген бағыттарды таңдай алады», - деді Ятима Алиас ханым.

✅ KazNARU Халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Рафис Абазов қазіргі уақыттағы ынтымақтастыққа шолу жасай отырып, болашаққа арналған стратегиялық жоспарларды ұсынды. Ол соңғы жылдары Қазақстан мен Малайзияда оқыған студенттерге қос дипломды білім берудің бірлескен бағдарламасының жетістіктеріне назар аударды.

✅ Келіссөздер барысында тараптар академиялық алмасу бағдарламаларына қатысатын студенттер санын көбейтуді, сондай-ақ екіжақты білім беру және ғылыми жобаларды кеңейтуді қоса алғанда, бірлескен бастамаларды одан әрі дамытуды талқылады. Инновациялық зерттеулермен бірлесіп жұмыс істеу және университеттер арасындағы ғылыми байланыстарды нығайту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

✅ Қонақтар KazNARU заманауи зертханалары мен ғылыми орталықтарында болып, аграрлық ғылымдар мен технологиялар саласындағы жаңа әзірлемелермен танысты. Және екі университетте қос диплом алған түлектерімен кездесті, олар өздерінің бірегей оқу және кәсіби даму тәжірибелерімен бөлісті.

✅ Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы жағдайда өтті. Делегация мүшелері KazNARU басшылығына жоғары деңгейде қарсы алып, жылы ықылас танытқандары үшін алғыс білдірді.

KazNARU баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник