Аймаққа да айрықша ғылым қажет
Ақтауда «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» атауымен Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысы өтті. Оған Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Көлік министрі Марат Қарабаев, Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, ғылыми ұйымдардың басшылары, академиктер, елдің жетекші ғалымдары мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.
Басқосуда көлік логистикасын дамытуды ғылыми сүйемелдеудің өзекті мәселелері және ел экономикасының инновациялық дамуындағы өңірлік ғылымның рөлі мен оны дамыту жолдары талқыланды.
«Ана тілі» газеті,
01.05.2025
Элеонора Әзіржан
https://anatili.kazgazeta.kz/news/64068