KazNARU

АЛМАТЫДА CAREER TIME КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ФЕСТИВАЛІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

✅ Бүгін Қалалық мансап орталығы мен Алматы қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында CAREER TIME кәсіптік бағдар беру фестивалі ұйымдастырылып, оған қаладағы барлық ірі ЖОО-лардың өкілдері қатысты.

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінен «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Бауыржан Отарбаев, «Клиникалық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Қанат Орынханов, Қабылдау комиссиясының жетекші мамандары – Динара Бекбаева мен Гүлнар Жамшитова мектеп бітіруші түлектермен кездесіп, заманауи зерттеу оқу ордасындағы білім берудің жаңа стандарттарымен және инновациялық жетістіктермен таныстырып, қосымша буклеттік ақпараттар таратты.

✅ Негізгі мақсат біреу – ауылшаруашылығы маманы боламын деген жас талапкерлерге университет факультеттерінің ерекшелігін жан-жақты таныстыра отырып, олардың өз болашақ мамандығын дұрыс таңдауына бағыт-бағдар беру.

✅ Сондай-ақ, KazNARU профессор-оқытушылардың белсенді топтары Алматы қаласы мен өңірлердегі кездесулерге де қатысып, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жалғастырды. Атап айтқанда:

● “Ветеринария және зооинженерия” факультеті «Фармакология және жануарлар патологиясы» кафедрасының аға оқытушысы Қайырбек Үмбетжанов Тараз қаласында 500-ден астам түлектермен кездесті;

● "Инженерлік технологиялар" факультетінің «Көлік техникасы және технологиясы» кафедрасының оқытушысы Ундирбаев М.С. Түркістан облысы Түлкібас ауданында болып, М.Бағысбаев, А.Гайдар, С.Бреусов атындағы орта мектептердің бітірушілерімен жүздесті;

● “Ветеринария және зооинженерия” факультеті «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының ПОҚ Светлана Ермағамбетова, Рая Мықтыбаева, Зубайра Қожахметова, Сапархан Жаңабаев, Ляйля Бесембаева Алматыдағы

№188 мектеп гимназияда;

● “Орман шаруашылығы және жер ресурстары” факультетінің “Жер ресурстары және кадастр” кафедрасының қауым. профессоры Ардақ Омарбекова мен аға оқытушы ГҮлнура Ахметкеримова Алматыдағы И.В.Панфилов атындағы № 54 Қазақстан-Ресей мамандандырылған мектеп-лицейінде;

● "Инженерлік технологиялар" факультетінің "Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі" кафедрасының профессорлары: Әбдіманап Оспанов, Айгүл Тимурбекова; PhD, аға оқытушылары: Тоғжан Боранбаева, Айгүл Алмағанбетова, Дулат Жалелов, Динаш Нұрдан Алматыдағы №133 мектеп-гимназиясында;

●"Су ресурстары және IT-технология" факультетінің "IT-технология" кафедрасының қауым. профессоры Киргизбаева Б.Ж., аға оқытушылары Тойлыбаев Н.С., Дильмагамбетова Б.М. Алматы политехникалық колледжінде;

● "Ветеринария және зооинженерия" факультетінің "Ветеринариялық санитария" кафедрасының профессоры Алимов А.А. Алматыдағы

№81 мектеп-гимназиясында болып қайтты.

✅ Спикерлер университеттің заманауи инновацияларды құру және дамыту, білім беру мен ғылым саласындағы жетістіктері, факультеттердің ерекшеліктері туралы айта келіп, оқу ордасы жайлы бейнеролик пен презентация ұсынды. Жиынға қатысқан жоғары сынып оқушылары аграрлық мамандақтардың болашағына қызығушылық танытты.

✅ Кездесу қортындысында университет пен мектептердің арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник