KazNARU

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНАН СҮЙІНШІ ХАБАР

✅ 2025 жылдың 29-30 сәуір аралығында Торайғыров университетінде өткегн В076- «Стандарттау, сертификаттау және метрология» БББ бойынша білім алушылар арасындағы ХVII Республикалық пәндік олимпиадада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенттері сәтті жетістік көрсетті.

✅ Олимпиадаға еліміздің әр аймағынан жиналған 7 топтың арасында KazNARU «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының 6В05701 – «Стандарттау және сертификаттау» БББ бойынша оқитын 3-курс студенттері Аружан Орман жүлделі ІІ орыннан көрініп Дипломмен, ал Камила Камалбек Алғыс хатпен марапатталды.

✅ Сондай-ақ, студенттердің ғылыми жетекшісі, аға оқытушы Исматуллаев Саттар Лесханұлы да ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хақа ие болды.

✅ Осындай ғылыми деңгейі жоғары республикалық білім алушылар сайысында өздерін жақсы кәсіби бағытта көрсетіп, университет абыройын асқақтатқан студенттеріміз бен ұстазын шын жүректен құттықтаймыз!

✅Сіздердің ғылыми ізденіс жолындағы игі жетістіктеріңіз барша білім алушыларға үлкен үлгі-өнеге.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник