«Қазіргі сөйлеу мәдениетінің ерекшеліктері» тақырыбында қонақ дәріс

«Қазіргі сөйлеу мәдениетінің ерекшеліктері» тақырыбында қонақ дәріс

2026 жылғы 29 қыркүйекте Тілдер апталығы аясында «Қазіргі сөйлеу мәдениетінің ерекшеліктері» тақырыбында қонақ дәріс ұйымдастырылды. Іс-шараның арнайы қонағы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Гүлдархан Нұрғазықызы Смағұлова.

Қонақ дәрісті ұйымдастыруға «Тілдер» кафедрасының оқытушылары – қауымдастырылған профессор Ж.С. Копбаева, PhD докторы Р. Акегожаева және филология ғылымдарының магистрі А. Тимурова жауапты болды.

Кездесуді жас ғалым, PhD докторы Р. Акегожаева жүргізді. Ол жиналған студенттер мен оқытушыларға ғалымның ғылыми-зерттеу бағыттары мен еңбектері туралы қысқаша таныстырып, сөз кезегін Гүлдархан Нұрғазықызы Смағұловаға ұсынды.

Өз сөзінде ғалым студенттерді ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып келе жатқан ана тілімізді қастерлеуге, оның қадір-қасиетін бағалауға және тіл мәдениетін сақтауға шақырды. Дәріс барысында қазіргі сөйлеу мәдениетінің ерекшеліктеріне кеңінен тоқталып, өзінің ғылыми зерттеу нысандарының бірі – фразеологизмдер туралы мазмұнды мәліметтермен бөлісті. Ғалымның ғылыми пайымдары мен зерттеу тәжірибесіне негізделген тұжырымдары студенттердің қызығушылығын арттырды.

Кездесу соңында студенттер ғалымға өздерін қызықтырған және көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мазмұнды пікір алмасты.

Қонақ дәріс мазмұнды әрі тартымды өтті. Кездесу барысында студенттер қазіргі қазақ тілінің қолданысы, сөйлеу мәдениеті және тілдік мұраның маңызы жөнінде құнды мағлұмат алды. Ғалымның тағылымды әңгімесі жастардың ана тіліне деген құрметін арттырып, тіл мәдениетіне деген қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етті. Іс-шара қатысушыларға жақсы әсер қалдырып, мазмұнды әрі тағылымды кездесу ретінде есте қалды.

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник