«Республика және Конституция: жауапты азамат – қуатты мемлекет» тақырыбында ашық дәріс

«Республика және Конституция: жауапты азамат – қуатты мемлекет» тақырыбында ашық дәріс

2026 жылғы 23 қазанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында Республика күніне арналған тағылымдық іс-шара өтті. Кафедра оқытушылары А.Д. Қожабекова мен Г.А. Довлетова студенттерге «Республика және Конституция: жауапты азамат – қуатты мемлекет» тақырыбында ашық дәріс өткізді.

Дәріс барысында Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихы, Конституцияның қоғамдағы маңызы, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің құндылығы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар жауапты азаматтың құқықтары мен міндеттері, отансүйгіштік, азаматтық белсенділік және мемлекеттің дамуына үлес қосу мәселелері талқыланды.

Аталған ашық дәріс 15–25 қазан аралығында ұйымдастырылған «25 қазан – Республика күні» апталығы аясында өткізілді. Іс-шара студенттердің тарихи танымын кеңейтіп, азаматтық жауапкершілігі мен патриоттық сезімін арттыруға бағытталды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник